Бөлімдер
Өзге мәліметтер
Сұрақ
Қазір сайтта
Қазір 1 қонақ онлайн| Білім бөлімінде атқарылған жұмыстар |
|
|
|
|
Аудан бойынша 2010-2011 оқу жылында жалпы білім беретін мектептер желісі 32, оның ішінде: 21 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 10 бастауыш мектепте 17 431 оқушы білім алып, 2 мектептен тыс мекеме, 10 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс атқарады. Білім алушы жасөспірімдерге сапалы да саналы тәрбие беру ісінде еңбек еткен педагог кадрлар саны – 2286 1. Аудан мектептерінің оқу материалдық-техникалық базасының жағдайы Білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы басты міндеттердің бірі – білім беру жүйесінің материалдық- техникалық базасын нығайту. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданымызда мақсатты түрде жүргізілуде. Аудан бойынша мектептердің оқулықпен қамтылуы 95 пайыз. Мектептерді компьютерлермен толықтыру, аудан бойынша барлық мектептердегі компьютерлердің саны 970 яғни әрбір компьютерге 17,9 оқушыдан. Аудан мектептерінің телефонмен байланысы 32 мектепте орнатылып, интернет желісін пайдалану 24 мектепте орындалуда. 2. Білім саласындағы қаржы туралы: білім бөліміне қарасты мекемелерге 2011 жылға қаралған қаржы жалпы сомасы 3 669 574,0 мың теңге. Қазіргі таңда игерілген қаржы 2 282 714,0 мың теңге. Былтырғы жылмен салыстырғанда 30-ға % (пайыз) өсіп отыр. Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне 2011 жылға қаралған қаржының жалпы соммасы 147 439,0 мың теңге. Соның ішінде «Балапан» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен 88 182,0 мың теңге бөлінді. Биылғы жылы ашылған 280 орындық «Балбөбек» балабақшасына жергілікті бюджеттен 21 740,0 мың теңге, соның ішінде 6 000,0 мың теңгесі шаруашылық және кеңселеік заттарға, қалған 12 093,7 мың теңге еңбек жалақысына қойылды. Қазіргі таңда 9 646,3 мың теңге игерілді. Қосымша білім беру мекемелеріне 2011 жылға қаралған қаржының жалпы соммасы 142 461,0 мың теңге. Соның ішінде Саз мектебіне жергілікті бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарына 35 000,0 мың теңге. Қамқоршыларға (қорғаншыларға) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін жәрдемақыға республикалық трансферттен бөлінген 13 910,0 мың теңгенің, 9 737,0 мың теңге қаржысы игерілді, үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 10 228,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 4 091,0 мың теңге. 3. Білім қоры туралы: 2011 жылға қаралған қаржы 37 387,0 мың теңге, бүгінгі күнге игерілгені 23 787,0 мың теңге. Былтырғы жылмен салыстырғанда 0,5 %-ға (пайыз) өсіп отыр. 4. Білім бөліміне қарасты мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарының жургізілу барысы туралы: Шардара аудандық білім бөліміне қарасты мектептерді күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 64,0 млн. теңге, ал жергілікті бюджеттен 69,6 млн. теңге қаралған. Сонымен қатар аудандық білім бөліміне қарасты мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 126,7 млн. теңге қаржы қаралған. Атап айтар болсақ: Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Сүткент ауыл округінде орналасқан Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін 32,0 млн. теңге, Көксу ауыл округінде орналасқан Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін 32,0 млн. теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңға аяқталды. Сонымен қатар аудандық бюджеттен аудандық балалар «Саз» мектебін 35,0 млн. теңгеге, «Шардара» жалпы орта мектебін 10,0 млн. теңгеге, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебін 24,6 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңға аяқталды. Бүгінгі таңға жөндеу жұмыстары қабылдануда. Ал, аудандық бюджеттен С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебін 25,0 млн. теңгеге, Қызылқұм жалпы орта мектебін 14,0 млн. теңгеге, Егізқұм жалпы орта мектебін 12,5 млн. теңгеге, Қазақстан бастауыш мектебін 12,5 млн. теңгеге, №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебін 43,8 млн. теңгеге ағымдағы жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңға аяқталды. Сонымен қатар, аудандық білім бөліміне қарасты 23 мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 18,9 млн. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңға 23 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Шардара ауданы Көксу ауыл округіндегі 60 орындық №8 Көксу бастауыш мектебінің құрылысына 2010 жылы облыстық бюджеттен 1,0 млн. теңге, ал жергілікті бюджеттен 18,5 млн. теңге, ал 2011 жылы 30,8 млн. теңге қаржы қаралып, 2011 жылдың 1-ші қыркүйек айында іске қосылды. «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында Шардара қаласы Мелдеби елді мекеніндегі 280 орындық балабақша құрылысына 2010 жылы Республикалық бюджеттен 402,6 млн. теңге қаржы қаралып, 2011 жылыдың шілде айының 4-ші жұлдызы күні қолданысқа берілді. Ал, Қоссейіт ауыл округіндегі 90 орындық «Балдаурен» балабақшасына 34,0 млн. теңге және Көксу ауыл округіндегі 90 орындық «Қарлығаш» балабақшасына 12,0 млн. теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлініп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2011 жылы қайта іске қосылды. Шардара аудандық білім бөліміне қарасты білім мекемелерінің қысқы маусымға дайындық жұмыстары бойынша, биыл 6 мектеп жылу жүйесіне ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді, ал қалған 26 мектеп қазандықтарымен пештерін ағымдағы жөндеуден өткізді. Аудандық білім бөліміне қарасты 32 мектептің 26 мектеп кіші қазандық арқылы, 6 мектеп пеш арқылы жылытылады. Оның ішінде 5 мектеп сұйық отынмен, қалған 27 мектеп қатты отынмен қамтамасыз етілген. Биылғы қысқы маусымға аудан мектептерін қатты отынмен қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкер «Жақсылық Даулет» 3200 тоннаның әр тоннасы 6950 теңгеден тасымалдап беру үшін аудандық білім бөлімімен 22,2 млн. теңгеге келісім-шарт жасасты. Бүгінгі таңға, аудан мектептеріне қысқы маусымға қажетті 3200 тонна қатты отын толық тасмалданып жеткізілді. Сонымен қатар сұйық отынмен жылытылатын мектептерге жеке кәсіпкер М.Әуезовпен 760,0 тонна сұйық отынның әр литрін 72 теңгеден тасымалдап беру үшін аудандық білім бөлімімен 54,7 млн. теңгеге келісім-шарт жасасты. Бүгінгі таңға сұйық отынды сақтаудың күрделілігіне байланысты (өрт қауіпсіздік шаралары) жеке кәсіпкер М.Әуезовтың қоймасында 760,0 тонна сұйық отын сақталуда. Шардара аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелерінің жылу жүйелеріне су құйылып, қысым арқылы және от жағылып тексерілді. Аудандық білім бөліміне қарасты 22 мектептің жылу жүйесіне су айдағыш насос орнатылған. Ал, шатыры, есік-терезелері нашар мектептердің, терезелері ауыстырылып, терезе әйнектері 2 қабаттандырылды, шатырлары профнастил шиферімен ауыстырылды, ауданымыздағы мектептер қысқы маусымға толық дайын. Аудандық білім бөліміне қарасты сұйық отынмен жылытылатын №8 «Балапан», №1 қалалық балабақшаларын және аудандық балалар «Саз» мектебін күзгі-қысқы мерзімде қатты отынмен қамтамасыз ету үшін қаралған 140,0 тонна сұйық отынның әр тоннасын 72 теңгеден тасымалдап беру үшін жеке кәсіпкер М.Әуезовпен балабақшалар және балалар «Саз» мектебі арасында келісім-шарт түзіліп. Бүгінгі таңға сұйық отынды сақтаудың күрделілігіне байланысты (өрт қауіпсіздік шаралары) жеке кәсіпкер М.Әуезовтың қоймасында 140,0 тонна сұйық отын сақталуда. Аудандық білім бөліміне қарасты «Балбөбек» балабақшасын күзгі-қысқы мерзімде қатты отынмен қамтамасыз ету үшін қаралған 171,0 тонна қатты отынның әр тоннасын 6200 теңгеден тасымалдап беру үшін жеке кәсіпкер Н.Т.Тұрысбековпен балабақша арасында келісім-шарт түзілуде. Ұзын-ата ауылдық округінде орналасқан «Қуаныш» балабақшасын күзгі-қысқы мерзімде қатты отынмен қамтамасыз ету үшін қаралған 60,0 тонна қатты отынның әр тоннасын 6899 теңгеден тасымалдап беру үшін жеке кәсіпкер С.Мамбетов балабақша арасында келісім-шарт түзіліп, қатты отынды тасымалдау кестесі бойынша 01.10.2011 жылға дейін жеткізу көрсетілген. Шардара қаласында орналасқан «Арайлым» балабақшасын күзгі-қысқы мерзімде қатты отынмен қамтамасыз ету үшін қаралған 60,0 тонна қатты отынның әр тоннасын 6899 теңгеден тасымалдап беру үшін жеке кәсіпкер С.Мамбетов балабақша арасында келісім-шарт түзіліп, бүгінгі таңға 60,0 тонна қатты отын толық тасымалданып жеткізілген. Алатау-батыр ауылдық округінде орналасқан «Қазақстан» ауылдық балабақшасын күзгі-қысқы мерзімде қатты отынмен қамтамасыз ету үшін қаралған 60,0 тонна қатты отынның әр тоннасын 6200 теңгеден тасымалдап беру үшін жеке кәсіпкер «Нурдаулетпен» балабақша арасында келісім-шарт түзіліп, жасалынған тасымалдау кестесіне сәйкес, 30.09.2011 жылға дейін тасымалдау көзделген. Қоссейіт ауылдық округінде орналасқан «Балдаурен» балабақшасы 01.09.2011 жылы іске қосылған, алайда күзгі-қысқы мерзімге қатты отынға қаржы қаралмаған. Алатау-батыр ауылдық округінде орналасқан «Бәйшешек» балабақшасын күзгі-қысқы мерзімде қатты отынмен қамтамасыз ету үшін қаралған 42,0 тонна қатты отынның әр тоннасын 7300 теңгеден тасымалдап беру үшін жеке кәсіпкер «Жақсылық Даулетпен» балабақша арасында келісім-шарт түзіліп, жасалынған тасымалдау кестесіне сәйкес, 30.09.2011 жылға дейін тасымалдау көзделген. Көксу ауылдық округінде орналасқан «Қарлығаш» балабақшасын күзгі-қысқы мерзімде қатты отынмен қамтамасыз ету үшін қаралған 70,0 тонна қатты отынның әр тоннасын 6500 теңгеден тасымалдап беру үшін ЖҚҚ мемлекеттік ауыл сервис директоры "Қ.Асқаровпен балабақша арасында келісім-шарт түзіліп, жасалынған тасымалдау кестесіне сәйкес, 1.08-1.10.2011 жыл аралығында тасымалдау көзделген. Сүткент ауылдық округінде орналасқан «Бүлдіршін» балабақшасын күзгі-қысқы мерзімде қатты отынмен қамтамасыз ету үшін қаралған 40,0 тонна қатты отынның әр тоннасын 7500 теңгеден тасымалдап беру үшін ЖҚҚ Мемлекеттік ауыл сервис директоры «Қ.Асқаровпен» балабақша арасында келісім-шарт түзіліп, жасалынған тасымалдау кестесіне сәйкес, 1.08-1.10.2011 жыл аралығында тасымалдау көзделген. Аудандық білім бөліміне қарасты мектептер, мектептен тыс мекемелер жаңа оқу жылына және қысқы маусымға толық дайын.
5. 2011-2012 оқу жылында оқулықтар және оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету туралы 2011-2012 оқу жылында білім беру ұйымдарының оқушыларын оқулықтар және оқу әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету мақсатында 43 401 мың теңге қаралған. Оның ішінде 9 411 мың теңге «Өзін-өзі тану» пәні оқулықтармен оқу әдістемелік кешңендерді сатып алуға бөлінген қаржы сомасы. Оқулықтарды тасымалдауға бөлінген қаржы соммасы 2 349 мың теңге. Барлық оқушыларды жергілікті бюджет есебінен оқулықтарды қайта басып шығару кестесіне сәйкес биылғы жаңа оқу жылында 4,6,11 сынып оқушылары негізгі пәндер бойынша 100 пайыз тегін оқулықтармен қамтамасыз етілді. Аудан бойынша білім беру ұйымдарының оқушылары жалпы оқулықтармен қамтамасыз етілуі 95 пайызды құрайды. 6. МАБ (мемлекеттік аралық бақылау) туралы мәлімет Республика көлемінде өткізіліп келе жатқан МАБ-қа (мемлекеттік аралық бақылауға) Шардара ауданы мектептерінің 4-ші және 9-шы сыныптарының оқушылары қатысып, 18 науырыз күні білім сапасы сараланды. Бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда алға ілгерілеушілік нәтижесін көрсетіп, облыс көлемінде 2-ші орынды иелендік.
МАБ-ң салыстырмалы нәтижелері
7. ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) туралы мәлімет Шардара ауданы бойынша ҰБТ-ге қатысатын орта мектептер саны -21. Ондағы мектеп бітірушілер саны-1407. Осы мектеп бітірушілердің 1118-і, яғни 79,4 % ҰБТ-ге өтініш беріп, оның 79,3 % қатысты (Ұзыната жалпы орта мектебінің бір оқушысы белгілі себептермен қатыса алмады).
8. Тәрбие саласы бойынша Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу білім беру мекемелерінің басты мақсаты болып табылады. Аудандық білім бөлімі тарапынан барлық білім беру мекемелеріне іс-шаралар жоспары таратылып, орындалуы бақылауға алынды. Барлық мектептерде балалар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлармен бірлесе отырып, сондай-ақ ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен мәжілістер өткізілді. Әр мектеп бойынша құқық бұзушылыққа бейім балалардың тізімдері нақтыланып, әр баламен және олардың ата-аналарымен мектеп психологтары жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, мектептерде тәртіп бұзушылықты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша мектеп жанынан құрылған кеңес мүшелері ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс атқаруда. Жасөспірімдердің түнгі уақыттарда үлкендерсіз үйлерінен тыс жерлерде жүруіне тосқауыл қою бағытында «Түнгі көшедегі балалар» атты рейд өткізілді. Аудан мектептерінде әр аптаның 1 күнін «рейд» күні деп белгіленіп, рейдке қала және ауыл мектептерінен денешынықтыру, еңбек, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері қатысты. Барлық мектеп басшыларына «Білім туралы» заңының 47 бабына сәйкес аудандағы оқушылардың мектепке мектеп формасымен келуі, сабақтан себепсіз қалуын қадағалау, сондай-ақ мектепке ұялы телефон мен қажетсіз заттарды алып келмеуін қадағалау жөнінен №10 хат жолданып, білім беру мекемелерінде оқушылармен тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2011 жылдың 9 айында аудандық ішкі істер бөлімінде қазіргі таңға құқықбұзушылық жасап 7 кәмелет жасқа толмаған балалар есепке алынған , олардың 3-і мектеп бітіріп кетті. №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 2011 жылғы 18 наурыздағы 11 сынып оқушылары арасында орын алған дене жарақатын салу фактісі бойынша мектеп директорына «сөгіс» түріндегі шара көрілсе, тәрбие ісі бойынша орынбасары қызметінен төмендетіліп, сынып жетекешілеріне «сөгіс» жарияланды. Одан бөлек 2011 жылғы 19 мамыр күні №1 М.Әуезов жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушылары Мамытов Қайрат, Меңлібаев Рысдәулет және Муфтуллаев Абылай су жағасында «Дарын» мектеп интернатының оқушылары Кәрімбаев Мұқан мен Бектұрсынов Айтуғанды соққыға жыққан. Бұл туралы қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Оқушылардың бос уақтын тиімді пайдалану бағытында мектептерде түрлі үйірмелер жұмыс істейді, сондай-ақ бүгінгі таңға дейін демеушілердің көмегімен Шардара, Жаушықұм, А.Әлімбетов, Қ.Аманжолов, Құрманғазы, Қоссейіт н/м, №1 М.Әуезов, Т.Айбергенов, Достық, Ұзыната жалпы орта мектептерінің жанынан спорт алаңшалары ашылып, түрлі спорттық секцияларға 3800 бала тартылды. Аудан мектептерінде 331 үйірме жұмыстары ұйымдастырылған, осы үйірмелерге 6406 оқушы тартылып, жұмыстар жүргізілуде. Үйірмелер мен оған қатысатын оқушылар тізімі пәндік, спорттық және басқа да категорияларға бөлінеді. 2011 жылғы 12 наурыз күні №1М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде «Аутоагрессивті мінез-құлық, оның себеп-салдары» атты мәжіліс өткізіліп, суйцидтің алдын алу бағытындағы ой-пікірлермен бөлісті. 2011 жылдың 22 наурызы күні С.Каттебеков атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы 1994 жылы туылған Утенова Перизатқа қатысты суйцид фактісі орын алды. Аудан мектептерінде сенім телефондары, сенім жәшіктері орнатылған және әр аптаның сенбі күні осы жәшікті мектепте түзілген комиссия мүшелері ашып, тиісті жұмыстар жүргізеді. Жалпы аудан бойынша аз қамтамасыз етілген оқушылар саны 2579 баланы құрайды. Оның ішінде 104 бала жетім, 479 бала жартылай жетім және 1996 оқушы аз қамтамасыз етілген отбасы балалары. Аз қамтамасыз етілген отбасы балаларынан 918 бала ыстық тамақпен қамтылған. Аудандық білім бөлімінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 116 бұйрығына сәйкес барлық мектептерде тамақсыз бір мезгіл мектеп жанынан ашылатын сауықтыру орталықтарына мектептердің мәліметіне сәйкес 814 бала тартылды. Шардара ауданынан жазғы уақытта жетім, жартылай жетім және көпбалалы отбасы балаларынан 224 оқушы облыс көлеміндегі оқу –сауықтыру орталығына жіберілді. Аудан бойынша 17431 оқушы болса, оның 10330 оқушысы ауылдық округтерде тұрады. Ауылда тұратын оқушылардың дені жазғы уақытта өздерінің шаруа қожалығында ата-анасына қолғабыс көрсетеді. Бала еңбегін қанаудың алдын алу бағытында барлық білім беру мекемелеріне аудандық білім бөлімінің 16 қыркүйектегі №143 бұйрығы жолданып, тиісті іс-шаралар қолға алынған. Одан бөлек ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2011 жылғы 05 сәуірдегі №5-19-3/363 хатына орай «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» науқанына байланысты іс-шаралар таратылып берілді. Бүгінгі таңда мақта терім науқанына байланысты барлық білім беру мекемелерінде оқушылардың сабаққа қамтылуы қатаң қадағалауға алынған. Аудандық білім бөлімі қызметкерлері мен әр мектептен кезекшілер ұйымдастырылып, оқушылардың дала жұмыстарына шығатын нысандарына кезекшілер жіберіліп, күнделікті тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда. Осы мәселеге ішкі істер бөлімі тарапынан ықпал жасау жөнінен аудандық ішкі істер бөлімі бастығына арнайы хатпен шықтық. Кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында нәтижелі жұмыстар жүргізіле береді. 9. Аудандық әдістемелік кабинетінің 2011 жылғы қантар-қыркүйек аралығындағы атқарған жұмыстары туралы мәлімет Облыстық білім басқармасының 22.12.2010 ж. №1186 бұйрығына орай қантар айында мектеп оқушыларының пәндер олимпиадасының аудындық кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 22 мектептен 220 оқушы қатысып, оның 24 жеңімпаз оқушылары облыстық кезенге қатысуға жолдама алды. Оқушылардың пән олимпиадасының облыстық кезеңі наурыз айында өткізілді. Оған ауданнан 24 оқушы қатысып, оның 3 оқушысы жүлделі орын, 5 алғыс хатпен марапатталды. Олар төмендегі оқушылар: 1.Әльмаханов А. №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы тарих пәнінен ІІ орын. 2.Табыл Н. – «Қызылқұм» жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы биологиядан ІІ орын. 3.Балтабай Б. – «Қызылқұм» жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы географиядан ІІІ орындарды иеленді. Олимпиадада жақсы білім деңгейін көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталған М.Горький, Құрманғазы, Ұзын-ата, Қ.Аманжолов, Жаушықұм жалпы орта мектептерінің оқушылары. Облыстық білім басқармасының 02.03.2011 ж. №3/831 хатыны орай 11 сынып оқушылары арасында «Білімді жастармен болашақтың іргесін қалайық» айдарымен аудандық пән олимпиадасы Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектеп базасында өткізілді. Бұл іс-шараға 270 оқушы қатысып, оның 15-сі облыстық кезеңге қатысуға іріктеуден өтті. 19 наурызда Шымкент қаласындағы Академиялық инновациалық университет базасында осы олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді. Ауданнан қатысқан 12 оқушы жүлделі орындарды иеленіп қайтты. Олар Ұзын-ата, Жаушықұм, Сырдария, Қзылқұм, А.Әлімбетов, Шардара, М.Горький, Достық жалпы орта мектептерінің оқушылары. Аудандық ІІІ-республикалық президент олимпиадасының қорытындысы ОҚО ББЖЖТ, ПКБА қайта даярлау орталығы облыстық білім басқармасының 2010 жылдың 18.10 күнгі №5/515 хатын негізінде 23.10.2010 ж күні М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің базасында өтілді. Олимпиадада жаратылыстану пәндері физика-математика пәні бойынша 11 сыныптың оқушылары қатысты. Олимпиадаға аудан мектептерінен математика пәнінен 12 оқушы қатысты олар: С.Каттабеков атындағы жалпы орта мектебі, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі, Қ.Сағырбайұлы атындағы жалпы орта мектебі, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі, Шардара жалпы орта мектебі, Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектебі, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі, С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі, А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебі. Физика пәнінен 10 оқушы қатысты олар: А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебі, Сырдария жалпы орта мектебі, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі, Шардара жалпы орта мектебі, А.Иманов атындағы жалпы орта мектебі, С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі, Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі, Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебі, Ұзын ата жалпы орта мектебі, Т.Айбергенов атындағы жалпы орта мектебі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 14 қаңтардағы №15 бұйрығының және ОҚО білім басқармасының 03.02.2011ж №78 бұйрығын негізге ала отырып мектеп бітірушілерді қаржы сауаттылық және экономикалық базалық деңгейін қалыптастыру және экономика саласында «Джуннер Эчивиент Қазақстан» тақырыбында қаржы сауаттылық және экономика пәндері бойынша 9-10-11 мектеп оқушыларының VI-аудандық пәндік турнирі М.Әуезов ат №1 ЖОМ базасында 21.02.2011ж өтілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 7 сәуіріндегі №138 бұйрығына сәйкес 24 сәуірде 5-ші Республикалық «Физ-мат» конкурсы Шардара жалпы орта мектебінің базасында өткізілді. Облыстық «Әл-Фараби - 2011» пәні олимпиадасы 2011жылдың ақпан айының 25-26 күндері Шымкент қаласы, №2 Қайтпас елді мекені №88 Қ.Төлеметов атындағы жалпы орта мектебінің базасында 11- сынып оқушылар арасында математика, физика. химия, биология, география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша облыстық «Әл-Фараби - 2011» пәні олимпиадасына аудан мектептерінен 15 оқушы қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ, орыс, ағылшын тілідерін еркін меңгерген дарынды оқушылар арасында «Тіл- халықттың алтын көпірі» атты 8-9 сынып оқушыларының облыстық олимпиадасы сәуірде өткізілді. Облыстық білім басқармасының 31.08.2010 жылғы №765 бұйрығын орындауда Сайрам ауданы, «Ақ-су» лагерінде өткен «Менің денсаулығым-менің болашағым – менің экологиям» атты облыстық балалар фестиваліне аудан мектептерінің 8-9 сынып оқушылары қатысып қайтты. Аудандық «Біз ғаламшардағы өмірге жауаптымыз» атты жас экологтардың форумы өткізілді. Форумның мақсаты - табиғатты қорғау саласында ғылыми-практикалық жұмыстармен айналысатын оқушыларға қолдау көрсету, қоршаған ортаны қорғау саласындағы балалар бастамаларының, мектеп орман шаруашылықтары мен экосақшылар жұмыстарын нығайту болып табылады. Форумға аудандық білім бөліміне қарасты 21 мектептен, сұраныспен 14 мектеп қатысты. Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі К.Мәсімовтің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 17-34/676 тапсырмасына сәйкес, аудандық білім бөлімінде аудандық «Таза болса табиғат аман болар адамзат» атты конкурс өткізілді. Конкурстың мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениеттілік пен адамзат алдында тұрған ғаламдық мәселелерді шеше білу қабілеттілігін қалыптастыру, экологиялық ой-санасы қалыптасқан жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыда дамыту, табиғатты қорғау саласында ғылыми-практикалық жұмыстармен айналысатын оқушыларға қолдау көрсету, балалар ұжымдарының шығармашылық жұмыстарды іске асыру кезінде тәжірибе алмасуы мен экологиялық бағыттағы балалар ұжымының ынтымақтастығын дамыту болып табылады. Облыстық ББЖЖТ, ПКБА және ҚДО-ң жоспарына орай халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты қалыптастыру, мәдени құндылықтарды дамыту, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін және орыс тілі пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру мақсатында орыс тілі пәнінен аудан мектептері арасында «Русские пейзажи» атты байқау өткізілді. Наурыз айында аудан мектептері арасында «Білім берудегі ізденістермен пікірлер» атты педагогикалық калейдоскоп байқауы өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты: жаңа идеялар ендіріп жүрген мұғалімдерді анықтау, дарынды балаларды көрсету, ата-аналармен жұмысты насихаттау. Ақпан айында аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері «Он лайн» режимінде ашық сабақтар көрсетті. Облыстық білім басқармасының 18.01.20111 ж №27 бұйрығына орай білім беру процесіне жаңа идеялармен әдістерді ендіріп жүрген педагогтарды анықтау, алғыр ойлы ата-аналарды дәріптеу және талантты оқушыларға қолдау көрсету мақсатында наурыз айынның 10-шы жұлдызында «білім берудегі ізденістермен пікірлер» атты аудандық педагогикалық колидаскоп өткізілді. Аудандық білім бөлімінің жоспарына орай 15.02.2011жылғы күні «Биология және химия пәнін оқытуда оқушының ғылыми дүниетанымының интелектуалдық сипаттамасын дамыту» атты аудандық оқыту семинары Б.Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің базасында өткізілді. Аудан мектептерінен 25 мұғалім қатысты. Облыстық білім жетілдіру орталығының жоспарына орай мамыр айында «Кемеңгер Елбасы- ырысы елімнің» тақырыбында педагогикалық марафон өткізілді. Марафонға мектеп басшылары, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Аудан мұғалімдерінің біліктілігін жетілдіру мақсатында сәуір-мамыр айлары аралығында қайта даярлық курстары ауданның өзінде ұйымдастырылды. Бала-бақша тәрбиешілері – 35 тәрбиеші, өзін-өзі тану пәнінен – 60 мұғалім, 12 жылдық білім жүйесі бойынша – 60 мектеп баксшылары мен мұғалімдер өз білімдерін жетілдірді. 10. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша атқарылған іс-шаралар туралы Аудандағы білім мекемелерінде «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім бөлімінде іс-шара жоспары бекітіліп, әрбір мектеп директорларына осы бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жылдығына орай 20 мың ағаш егу бастамасын қолдау жұмысын жүргізу тапсырылды. Аудандағы 17431 оқушы, 2175 ұстаздың әр қайсысы бір талдан егіп, облыс әкімідігінің 2010ж 07.12. №183 тапсырмасының негізінде қолдау көрсету міндеттелді. Қазіргі таңда білім мекемелері 7502 түп қараағаш, 3091 түп жеміс ағаштары, 277 шырша, 80 туя, 340 айлант, 3475 раушан, роза гүлдері мен 10887 көшеттер отырғызылды. Аудандағы мына мектептер: Шардара жом, М.Горький ат. жом, Жаушықұм жом, Сырдария жом, С.Ерубаев ат. жом, Т.Айбергенов ат. жом, Қоссейіт нм т.б. мектептер әлі де жасыл аймақ акциясын жалғастыруда. Биылғы жылы облыс әкімінің тапсырмасына орай «жылыжай» (теплица) салуды қолға алудамыз. Өткен 2010 ж Достық орта мектебі (директоры Т.Әліпбаев) өз күштерімен 1 соттық жерге қияр егіп, одан өнім алды. Осы жылыжайда биыл 2011жылы ерте көктемде қызанақ, пиязды егіп, күтіп баптауда. Өнімнің шығуы жақсы. Ауданда осы бастамаға түсіністікпен қабылдаған А.Иманов атындағы жалпы орта мектеп (директор Н.Ыбрайм) ұжымы да өз күштерімен жылыжай құрлысын бастап, іске қосуға әрекет жасауда. Сол сияқты қаладағы №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің жылыжайында 0,2 соттыққа қияр мен қызанақ көшеттерін отырғызып, күтіп, баптауда. Оған арнайы жұмысшылар бекітілген. Ал, Жаушықұм жалпы орта мектебі (директоры М.Аңламасов) жоба бойынша салынған жылыжайын іске қосу үшін, ауылдағы сумен егістік суаруға жарамсыз деп мәлімдеуде, сондықтан су тасымалдайтын арнайы «водавоз» бөлу керектігін, яғни көлік мәселесі шешілсе, жылыжайды іске қосуға толық мүмкіндік бар екендігін мәлімдеуде. Бұдан басқа: Ақалтын жом, Т.Тәжібаев ат. жом, С.Ерубаев ат. жом, Т.Айбергенов ат. жом, Ш.Уалиханов ат. жом, Шардара жом, Сырдария жом, Ұзыната жом, А.Иманов ат. жом, Қызылқұм жом т.б. мектептердің басшыларына да осы мәселені шешуді қолға алу тапсырылды. Жалпы аудан бойынша жылыжай жұмысын ұйымдастыруға 5, 800 мың теңге қаржы қаралып, веб-порталға хабарлама берілді. Бұдан басқа: орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып, аудан мектептерінде «Мектеп орманшылығы» үйірмесі ұйымдастырылып, 400-дей оқушы қатыстырылды. Онда: Шардара жом, Жаушықұм жом, Б.Соқпақбаев ат. жом, А.Әлімбетов атындағы орта мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қамтылды. 11. Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту Биылғы 2010 жылы аудандық бюджеттен 24 000,0 мың теңге оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етуі үшін қаралып, 12 997,0 мың игерілді. Аудан көлеміндегі 16 орта типтік жобадағы, 7 ыңғайластырылған мектептерде 12736 оқушыға ыстық тамақ және буфеттік тамақ беру ұйымдастырылып. Ауданда аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан 812 оқушы тегін тамақпен қамтылуда. 12. Мектеп оқушыларына тасымалды ұйымдастыру туралы Аудан көлемінде мектеп оқушыларына жергілікті бюджеттен 1800,0 мың теңге қаржы қаралып, тасымалдау жұмысы ұйымдастырыды. Атап айтқанда.ауданда негізінен қаладағы А.Иманов атындағы жалпы орта мектебінің (директоры Н.Ибрайым) 1 ауысымда-43 оқушы, 2 ауысымда-34 оқушы барлығы 77 оқушының тасымалдауын қадағалап, қажетті келісім-шартқа қаладағы Шардара автобус паркы ЖШС-нің 3 автобусы таңертең 43 оқушыны әкелсе, түстен кейінгі екінші ауысымда 34 оқушыны кешке үйлеріне апарып салады. Сонда бірінші ауысымның 43 оқушысы түсте үйіне жаяу қайтса, екінші ауысымның 34 оқушысы 5-5,5 шақырымды түсте жаяу мектепке келеді деген сөз. Себебі, қала әкімдігі бөлген бюджет қаржысы төрт рет тасымалдауға жетпейді деп жартылай оқушыларды тасымалдауда. Екінші тасымалдау «Жаушықұм» ауыл округінде «Жаушықұм» жалпы орта мектебінің (директоры М.Аңламасов) 44 оқушысын 4 км ара-қашықтықтан тасылмалдауға жергілікті бюджеттен 400,0 мың теңге қаралып, қазіргі таңда тасымалдаушы Шардара автобус паркы ЖШС Паз-697 маркалы автобусы. Үшінші тасымалдау ұйымдастырылған Алатау батыр ауылдық округіндегі «Қазақстан» бастауыш мектебімен, С.Каттабеков атындағы жалпы орта мектептерінің 36 оқушысы «Пикет-618» елді-мекенінен тасымалдауға 590,0 мың теңге қаралып тасмалдануда. «Шардара» жалпы орта мектебінің 66 оқушысы, «Саяжай», «Подхоз» және «Водозабор» елді-мекендерінен оқушыларды тасымалдауға жергілікті бюджеттен 900,0 мың теңге қаралып тасымалдануда. Қорыта келе, аудандық білім бөлімі Үкімет Қаулысын (31.03.2011 жылғы №336) басшылыққа алып, жергілікті жерлерде регламентті бекітіп, білім бөлімдерімен келісіп, тасымалдау мәселесін талапқа сай атқаруға ықпал етудеміз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әкімнің блогы
Баннерлер
Жүйеге кіру
Күнтізбе
![]() | 2012 | ![]() |
![]() | Ақпан | ![]() |
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сн | Жк |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 |










