Қуанышқа,табысқа толы жасампаздық жылы PDF Басып шығару E-mail

Өткен жылға өкпе жоқ. Елбасымыздың Жарлығымен “Жасампаздық пен бейбiтшiлiктiң 20 жылдығы” жылы деп жарияланған қоян жылы қазақ халқы үшiн құтты жыл болды деп нық сенiммен айта аламыз. Бейбiтшiлiктi басты бағдар етiп ұстанған мемлекетiмiздiң экономикасының қарыштап дамығанын шетелдiк сарапшылар айтып отыр. Әрине, бiздiң мемлекетiмiз мұндай табыстарға сындарлы саясат пен әрбiр iстiң жүйелi жоспарлануы нәтижесiнде қол жеткiзiп отыр. Ел табысының еселеп артуына Қызылқұм мен Сырды мекен етiп отырған шардаралықтар да зор үлес қосты.

 

Елбасы мен Үкiметiмiз бекiткен бағдарламалар аясында аудан көлемiнде бiршама тыңғылықты жұмыстар атқарылғандығынан көзi қарақты оқырмандарымыз құлағдар. Жаңадан кәсiпорындар iске қосылып, қосымша жұмыс орындары ашылды. Жастар орталығы мен жұмыспен қамту орталығы өздерiне жүктелген мiндеттердi абыроймен атқаруда. Денсаулық сақтау саласында да жақсы жұмыстар жүргiзiлдi.

Толығырақ...
 
Облыстан озып, республикадан үздік шыққан дәнекерлеуші PDF Басып шығару E-mail

Қазақтың бетке ұстары Ермахан ага жайында толығырақ білгіңіз келсе, осы бетті оқыңыз.Ол кісі әртүрлі номинациялардың жеңімпазы екенін біреу білсе, біреу білмес. Ұлы Абай атамыздың “Еңбек етсең, емерсiң”,– деген сөзi Ермахан Боранбайұлына арнап айтылғандай, сiрә... Бар ынта жiгерiмен, ақыл-парасатымен, өзiнiң шеберлiк қасиетiмен ерекшеленген Ермахан Әлiмбеков жайында сыр шертер болсақ, ол кiсi 1965 жылы шағалалы Шардара қаласының төрiнде дүниеге келiптi. Мектеп табалдырығын Қоссейiт ауылында аттап, Ш.Уалиханов атындағы орта мектептен тәмамдайды. Одан кейiн әрбiр қазақ азаматының парызы– азаматтық борышын өтеуге әскерге аттанады. Қиын-қыстау кездерде барлық қиыншылыққа төтеп берiп, дәнекерлеушiлiк мамандығына құлшынысы осында арта бастайды.

Толығырақ...
 
Жетістіктері жіктеліп, еңбектері еленген PDF Басып шығару E-mail

Биылғы қоян жылғы көктемнiң қолайсыздау, жауынды-шашынды болғандығына қарамастан шардаралық шаруалар жылды толайым табыстармен, зор жетiстiктермен қорытындылап отыр. Төккен тер, еткен еңбек зая кеткен жоқ. Тоғыз айдың көрсеткiштерi бойынша ауданымыз облыстық рейтингте бiрiншi орынға шықты.

Аудан аумағында шаруалар өндiрген өнiмдердi өңдейтiн қант зауыты, күрiш зауыты, май-жем комбинаты секiлдi өндiрiс орындары ашылды. Ауылдық округтерде көкөнiс сақтау қоймалары салынды. Мал басын асылдандыру жұмыстары жолға қойылды. Арық-атыз, каналдарды тазалаудың нәтижесiнде суармалы егiстiк көлемi артты. Өнiмдiлiк те жыл сайын артып келедi. Осындай жетiстiктердi жiктеп, табыстарды таразылап алу мақсатында таяуда аудан еңбеккерлерiнiң “Алтын күз–2011” қорытынды жиыны болып өттi. Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдық мерекесiмен тұспа-тұс тойланған мерекелiк жиынға аудан басшылары, ауыл әкiмдерi, мекеме, кәсiпорын басшылары мен кәсiпкерлер, еңбек ардагерлерi қатысты.

Толығырақ...
 
Шетелге 2000 тонна қауын жөнелткен кәсіпкер PDF Басып шығару E-mail
14.12.2011 09:09

Газетiмiздiң фототiлшiсi Оңласын Төлегенов үнемi iс сапарда болып, ауылдарды, еңбек ұжымдарын жиi аралап, халықпен жиi кездесетiн жiгiт қой. Осы жуырда ғана қасында бейтаныс бiр кiсi бар, кабинетке қашанғы әдетiнше даурыға сөйлеп, аңқылдап кiрiп келдi.

– Тағы бiр нағыз кәсiпкердi алып келдiм, жазуға әбден лайық,–дедi ол,–облыстық мерекеде бақшадан чемпион атағын алды. Аты Садық, – мiне, мына кiсi... Айтып отырған мерекесi, шаруашылық жылының қорытындысына орай, облыста жыл сайын жәрмеңкемен қатар өткiзетiн ауылшаруашылығы қызметкерлерiнiң дәстүрлi күнi. Биыл бiздiң ауданымыздан егiншiлiк саласы бойынша екi кәсiпкердiң чемпион атанғанынан хабардар едiк. Бiрi жыл сайын жүлделi орыннан көрiнiп келе жатқан, есiмi елге белгiлi А.Әдiлбеков едi де, екiншiсi шынында бейтаныс болатын. Оңласынның ертiп келгенi өзiмiз де естiгеннен кездесудi ойға түйiп, орайын күтiп жүрген нақ сол чемпионымыз болып шықты. Сөзi мен әр мәнерiнен, мақсатына жетпей қайтпайтын, батыл шешiмнiң, үлкен жiгер мен iстiң адамы екенiн аңғару да қиын емес.

Толығырақ...
 
Сырдарияда жаңа мешіт ашылды PDF Басып шығару E-mail

Иман – адам жанының айнасы. Ал иманды болмақ – жанның тазалығынан, адамгершiлiк қасиеттердiң даралығынан туындайтын iзгiлiк. Екi аяқты пенде атаулыны осындай iзгiлiкке, биiк парасатқа, дiнге деген түсiнiктiң дұрыс қалыптасуына ықпал ететiн орын әрине – мешiт екендiгi де даусыз. “Мешiт – Алланың жердегi үйi” дейдi қасиеттi хадистiң өзiнде де. Осындай орындардың көптеп бой көтергенiне көңiл қуанады, жан жадырайды. Таяуда Көксу ауылдық округiне қарасты Сырдария ауылында заманауи үлгiде салынған зәулiм мешiт бой көтерiп, халық игiлiгi үшiн пайдалануға берiлдi. Бұл мешiт ауданымызда биыл пайдалануға берiлген үшiншi, республика көлемiндегi 828-шi мешiт. Келешекте имандылық мекенiне айналатын мешiттiң салтанатты ашылуына аудан басшылары, Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының өкiлдерi, алыс-жақын аудандардан келген арнайы қонақтар, ауыл тұрғындары қатысты.

Толығырақ...
 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > Соңғы >>

Бет 1 ден 7

Әкімнің блогы

Баннер

Баннерлер

Баннер
Баннер
Баннер

Жүйеге кіру



Күнтізбе

2012
Ақпан
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829