Міндеттерді үйлестіру
PDF Басып шығару E-mail

Шардара  ауданының   әкімі және оның орынбасарлары
арасында міндеттерді бөлу

Шардара ауданының әкімі – М. Мараим
1. Шардара ауданының әкімі Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі Жарлықтары, өзге де нормативтік құқықтық кесімдер арқылы белгіленген өкілеттіктері мен құзыретіне сәйкес аудан аумағындағы атқарушы билікті толық іске асырады.
Әкім Қазақстан Республикасы Конституциясының, Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерінің, Премьер-Министрі мен Үкіметі кесімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің сөзсіз орындалуын, өңірлік мүдделердің жалпы мемлекеттік мүдделермен дұрыс үйлесуін қамтамасыз етеді, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда ауданның мүдделерін білдіреді.
2. Ауданның жергілікті атқарушы органының басшысы ретінде Шардара ауданының әкімі аудандық өкілді органның қарауына Заңдардың сақталуын және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі кесімдерінің орындалуын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық кесімдерді енгізеді.
3. Шардара ауданының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудандағы атқарушы органдар жүйесін қалыптастыруды іске асырады, кадрлық саясат, жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелеріне қарайды, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде, Қазақстан Республикасы Министрліктері мен ведомстволары аумақтық органдарының өзара іс-қимылын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
4.Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің өкілі ретінде Шардара ауданының әкімі заңнамада көзделген жағдайларда өңір проблемаларының облыстық өкілді және атқарушы органдарда шешілуіне ықпал етеді, өз құзыреті шегінде сыртқы экономикалық қызметте ауданның мүдделерін білдіреді және өңіраралық байланыстардың дамуына ықпал етеді.
5.Шардара ауданының әкімі бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынастар саласында жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, салық және бюджеттік әкімшілік жүргізу, қаржылық және экономикалық қауіпсіздік мәселелерін үйлестіруді және осы мәселелер бойынша аумақтық органдармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады.
6 .Шардара ауданының әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, өз құзіреті шегінде «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын ұйымдастырады, құқық бұзушылықтардың алдын-алу және қылмыскерлікке, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі өңірлік бағдарламалардың іске асуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, азаматтық-құқықтық қатынастарды жетілдіру, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өкілеттіктерін іске асыру саласындағы заңнаманың орындалуына жәрдемдеседі.
7. Шардара ауданының әкімі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімінің орынбасарларын, аудан әкімі аппаратының жетекшісін, Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімдерін аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің басшыларын қызметке тағайындайды және босатады.
8.Мыналардың:
1) аудан әкімі орынбасарларының;
2) аудан әкімі аппараты басшысын;
3)қала, ауылдық округтер әкімдері мен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бөлімдер жетекшілерінің қызметіне тікелей басшылық етеді.
9.Мыналармен:
1)Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шардара аудандық бөлімшесімен;
2) аудандық прокуратурамен өзара іс-қимыл жасайды.
10.Аудан әкімдігін құрады және оған басшылық жасайды.
Аудан әкімі болмаған жағдайда, іссапарда болуын қоса алғанда, оның өкілеттіктерін аудан әкімінің экономика саласындағы орынбасары жүзеге асырады.

Аудан әкімінің  орынбасары – О.А. Бердешов
11.Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауапты болады:
1) салық және бюджет саясаты;
2) коммуналдық меншікті басқару және оған билік ету;
3) мемлекеттік өнеркәсіптік саясатты іске асыру;
4) жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар;
5) қаржыландыру, баға, несиелендіру, есеп айырысу тәртібі, мемлекеттік сатып алу, ақша айналымы, жалақы, бағалы қағаздар рыногын қалыптастырудың ағымдағы және индикативтік жоспарлары мен болжамдарын әзірлеу;
6) әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын дайындау және іске асыру;
7) көші-қон және демографиялық процестерді реттеу;
8) еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.

12.«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», «Облыстағы кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» «Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған» өңірлік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының  «Халықты жұмыспен қамтудың және әлеуметтік қолдаудың 2006-2008 жылдарға арналған» бағдарламасын ауданда іске асыруды қамтамасыз етеді.
13.Экономикалық реформаларға, ауданның коммуналдық меншігіне басшылық етуді, жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс және өзге де қорлар қаражаттарының жиналуы мен жұмсалуына талдау мен мониторинг жасауды жүзеге асырады.
14.Аудандық бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуына, әлеуметтік саланы және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды ұстауға бағытталатын қаржы ресурстарының мақсатты бөлінуіне бақылау жасауды жүзеге асырады.
15.Мемлекеттік тұрғын үй қорын ұстау мен пайдалану тәжірибесін жақсартуды қамтамасыз етеді, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласындағы аумақтық органдармен өзара іс-қимыл жасайды, коммуналдық меншік нысандары мен мүліктік кешеннің тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
16.Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала, ауылдық округтер әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.
17. Мыналардың:
1) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің;
2) қаржы бөлімінің;
3) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің;
4) кәсіпкерлік бөлімінің жұмысына тікелей басшылық жасайды.
18.Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкестігіне жеке дара жауапты болады.
19. Мыналардың:
1) аудандық статистика бөлімімен;
2) аудандық салық комитетімен;
3) аудандық қазынашылық бөлімшесімен;
4) мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығымен;
5) «Бір жолғы талон беру»- мемлекеттік мекемесімен;
6) жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығымен  өзара іс-қимыл жасайды.

Аудан әкімінің орынбасары – Т.Байтұрғанов
20.Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке-дара жауап береді:
1) агроөнеркәсіптік кешен және халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету;
2) ауылдық аумақтарды және ауылшаруашылығы өндірісін дамытуда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін суармалы сумен қамтамасыз етуге ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сатуға. Ауылды жерлерде реформаларды тереңдетуді, ауылшаруашылығы құрылымдарын қаржылық сауықтыруға, шаруа (фермер) қожалықтарын, маркетингтік және ветеринариялық қызметтерді, машина-технологиялық станцияларды, азық-түлік, көтерме сауда рыноктарын дамытуға, ауылшаруашылығы бірлестіктерінің жұмысына жәрдемдесуді қамтамасыз етеді;
3) аумақтарға құрылыс салу, бас жоспарды іске асыру және инфрақұрылым нысандарын дамыту;
4) мемлекеттік тұрғын үй саясаты;
5) көлік, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы мен реконструкциясы;
6) коммуналдық шаруашылық;
7) байланыс және телекоммуникация;
8) жылумен және энергиямен қамтамасыз ету.
21. Мыналарды:
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын;
«Жасыл ел», «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары өнеркәсібін дамыту» мемлекеттік бағдарламаларын, «Су нысандарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған», «2006-2008 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі» өңірлік бағдарламаны ауданда іске асыруды ұйымдастырады.
22.Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша қала, ауыл округтері әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.
23. Мыналардың:
1) ауылшаруашылығы бөлімінің;
2) сәулет және қала құрылысы бөлімінің;
3) құрылыс бөлімінің;
4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің;
5) жер қатынастары бөлімінің жұмысына тікелей басшылық етеді.
24.Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкестігіне жеке дара жауапты болады.
25. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі аудандық аумақтық инспекциясымен;
2) «Оңтүстік су шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі Шардара филиалымен;
3) «Шардара орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» мемлекеттік мекемесімен;
4) қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды қорғау басқармасы өкілімен;
5) Шардара аудандық электр жүйелері мекемесімен;
6) құрылыс, бас мердігерлік және субмердігерлік, жоба жасау ұйымдары, құрылыс-индустриясы кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Аудан әкімінің орынбасары – Б.Қ. Шомпиев
26.Мына салалардағы мәселелерге қарайды және осы салаларда қабылданатын аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының іске асуына жеке дара жауапты болады:
1) ішкі саясат;
2) білім;
3) мәдениет;
4) тіл саясаты;
5) денсаулық сақтау;
6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы.
27. «Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған», «Денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған», «Білім беру объектілерін дамытудың және білім жүйесін ақпараттандырудың 2005-2007 жылдарға арналған» бағдарламаларын жүзеге асырады.
28.Құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қала, ауыл округ әкімдерінің жұмыстарын үйлестіреді.
29. Мыналардың:
1) ішкі саясат бөлімінің;
2) білім бөлімінің;
3) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің;
4) денешынықтыру және спорт бөлімінің жұмысына тікелей басшылық жасайды.
30.Өзі жетекшілік ететін бағыттарға сай салаларда қабылданып отырған аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкестігіне жеке дара жауапты болады.
31. Мыналардың:
1) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен;
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен;
3) аудандық медицина бірлестігімен;
4) мұрағат және құжаттар бөлімі;
5) №16 кәсіптік-лицей;
6) бұқаралық-ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды.

Мынадай өзара орын басу белгіленеді:

1.

О.А.Бердешов

– Т.Байтұрғанов, ол болмаған жағдайда Б.Қ.Шомпиев алмастырады;

2.

Т.Байтұрғанов

– Б.Қ.Шомпиев, ол болмаған жағдайда О.А.Бердешов алмастырады;

3.

Б.Қ.Шомпиев

– Т.Байтұрғанов, ол болмаған жағдайда О.А.Бердешов  алмастырады.

 


Әкімнің блогы

Баннер

Баннерлер

Баннер
Баннер
Баннер

Жүйеге кіру



Күнтізбе

2012
Ақпан
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829