|
Шардаралық азаматтар шынымен "мекиен", "мегежін" бе немесе Жұмабек Мұқановақа құлаққағыс |
|
|
|
|
Өлеңнiң де естiсi бар, есерi бар ... (Абай) Абайдың бiр сөзiн осылай өзгертiп алуыма себеп болған жағдай, қалың жұртты қарадай қаралап, топырақ шашып жүрген «атышулы» Жұмабек Мұқановтың бiр өлеңi едi. Иә, өлеңнiң де естiсi мен есерi бар екен.
Бәрiн басынан бастайын. Ж. Мұқановты бәрiмiз жақсы бiлемiз, «Ар тазалығын, шындықты» ту етiп ұстап жүрген сыйлы азаматымыз деушi едiк. Сөйтсек... Ол «бетперде» киген басқа адам болып шықты. Оны бiзге жерлесiмiз Қазыбек Иса «әйгiлеп» бердi. Перденiң аржағынан ұсқыны шошытарлық басқа адам шыға келгенде, жағамызды ұстадық. Осы екiншi, нағыз Жұмабек туралы халқымыздың бiртуар ақындарының бiрi Темiрхан Медетбек, композитор, жорналшы Ж. Қалдыбай кесiмдi пiкiрлерiн айтты. Ар тазалығын «Ұрандатып» жүрген Жұмабегiмiздi «азаматтық ары» үшiн күресер деп күткенiмiз де рас. Ол жақ ашпады. Яғни, бәрi шындық болғаны ғой...
|
|
Толығырақ...
|
|
|
Ержан Құдайберген Төлепұлы - облыстық мәслихат хатшысы болып сайланды |
|
|
|
|
“Шардара су электр стансасы“ АҚ басқарма бастығы,Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
“Шардара су электр стансасы“ АҚ басқарма бастығы, №49 сайлау округiнен облыстық мәслихат депутаты болып сайланған жерлесiмiз Ержан Құдайберген Төлепұлы таяуда бесiншi шақырылған Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Жерлесiмiзге әрдайым табыстар тiлеймiз.
|
|
Бірінші ұйымдастыру сессиясы |
|
|
|
|
Сайлаудан кейiн округ бойынша депутат болып сайланған азаматтар аптаның дүйсенбiсiнде бесiншi шақырылған Шардара аудандық мәслихатының бiрiншi ұйымдастыру сессиясын өткiздi. Сессия мәжiлiсiне аудан әкiмi М.Марайым, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Жарияқұл және таяуда ғана сайланған депутаттар қатысты. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Жарияқұл халық сенiмiне ие болған депутаттарға арнайы төсбелгi мен куәлiктер табыс еттi. Депутаттардың ұсынысы бойынша бiрiншi сессияның төрағасы болып З.Биболов бекiтiлдi. Сессияның күн тәртiбiнде: 1. Бесiншi шақырылған Шардара аудандық мәслихатына депутаттар сайлаудың қорытындылары жөнiндегi аумақтық сайлау комиссиясының хабары; 2. Бесiншi шақырылған аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясының төрағасын сайлау туралы; 3. Шардара аудандық мәслихаты-ның хатшысын сайлау туралы; 4. Бесiншi шақырылған аудандық мәслихаттың құрылымын белгiлеу туралы; 5. Бесiншi шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамы және олардың төрағаларын сайлау туралы;
|
|
Толығырақ...
|
|
Қуанышқа, табысқа толы жасампаздық жылы |
|
|
|
|
Өткен жылға өкпе жоқ. Елбасымыздың Жарлығымен “Жасампаздық пен бейбiтшiлiктiң 20 жылдығы” жылы деп жарияланған қоян жылы қазақ халқы үшiн құтты жыл болды деп нық сенiммен айта аламыз. Бейбiтшiлiктi басты бағдар етiп ұстанған мемлекетiмiздiң экономикасының қарыштап дамығанын шетелдiк сарапшылар айтып отыр. Әрине, бiздiң мемлекетiмiз мұндай табыстарға сындарлы саясат пен әрбiр iстiң жүйелi жоспарлануы нәтижесiнде қол жеткiзiп отыр. Ел табысының еселеп артуына Қызылқұм мен Сырды мекен етiп отырған шардаралықтар да зор үлес қосты. Елбасы мен Үкiметiмiз бекiткен бағдарламалар аясында аудан көлемiнде бiршама тыңғылықты жұмыстар атқарылғандығынан көзi қарақты оқырмандарымыз құлағдар. Жаңадан кәсiпорындар iске қосылып, қосымша жұмыс орындары ашылды. Жастар орталығы мен жұмыспен қамту орталығы өздерiне жүктелген мiндеттердi абыроймен атқаруда. Денсаулық сақтау саласында да жақсы жұмыстар жүргiзiлдi.
|
|
Толығырақ...
|
|
Облыстан озып, республикадан үздік шыққан дәнекерлеуші |
|
|
|
|
Қазақтың бетк е ұстары Ермахан ага жайында толығырақ білгіңіз келсе, осы бетті оқыңыз.Ол кісі әртүрлі номинациялардың жеңімпазы екенін біреу білсе, біреу білмес. Ұлы Абай атамыздың “Еңбек етсең, емерсiң”,– деген сөзi Ермахан Боранбайұлына арнап айтылғандай, сiрә... Бар ынта жiгерiмен, ақыл-парасатымен, өзiнiң шеберлiк қасиетiмен ерекшеленген Ермахан Әлiмбеков жайында сыр шертер болсақ, ол кiсi 1965 жылы шағалалы Шардара қаласының төрiнде дүниеге келiптi. Мектеп табалдырығын Қоссейiт ауылында аттап, Ш.Уалиханов атындағы орта мектептен тәмамдайды. Одан кейiн әрбiр қазақ азаматының парызы– азаматтық борышын өтеуге әскерге аттанады. Қиын-қыстау кездерде барлық қиыншылыққа төтеп берiп, дәнекерлеушiлiк мамандығына құлшынысы осында арта бастайды.
|
|
Толығырақ...
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > Соңғы >>
|
|
Бет 1 ден 7 |