Шардаралық шекер шартарапқа шығарылады PDF Басып шығару E-mail

Аудан көлемiнде алғаш рет қант қызылшасын егiп, зауыт салуды жеке кәсiпкер Ұлжасғас Тастанова қолға алған болатын. Кәсiпкер кешегi күнге дейiн тамшылатып суару әдiсiмен өндiрген өнiмiн өзге аймақтарға арзан бағамен сатуға мәжбүр болып келдi. Ендi мiне, өзi өндiрген шикiзатты өзi өңдеп, халыққа қол жетiмдi бағамен ұсынбақ.
Қазақтың жетi қат жерiнiң асты да, үстi де тұнған байлық екендiгiн былайғы жұрттың бәрi де бiледi. Бiрi қызыға қарайды, бiрi қызғана қарайды. “Байлықтарыңды бiрлесiп өңдейiк” деп қолқа салатындар да аз емес. Әрине, шеттен келушiлер пайданың тең жарымын өз елiне әкетуге мүдделi болып тұратындығы жасырын емес. Олардан қымбат бағаға қайта сатып алуға мәжбүр боласың. Ал, өзiмiзде өндiрiлген заттың өзiмiзде өңделгенi өте тиiмдi. Өңдеушi кәсiпорындар көбейген сайын жергiлiктi халыққа жаңа жұмыс орны ашылады, әрi өңделген тауар құны арзан болады. Осындай қарапайым қағиданы негiзге алған Елбасымыз өзiнiң жыл сайынғы дәстүрлi халыққа жолдаған Жолдауларында тауарды өндiруден өңдеуге баса назар аудару керектiгiн үнемi назарға алып отырады. Елбасы саясатын терең ұғынған жергiлiктi атқарушы органдар осы мақсатты негiзге ала отырып жұмыс жүргiзуде. Осы реттен алып қарағанда бiздiң ауданымызда да ауыз толтырып айтарлықтай, өзгелерге үлгi етiп, мақтан тұрарлықтай жұмыстар атқарылуда. Индустриалды-инновациялық жобалар жүзеге асырылуда. Балық зауытының заманауи үлгiдегi қондырғылармен жабдықталуын, күрiш зауытының ашылуын сөзiмiзге жарқын мысал етсек жарасардай. Кәсiпкерлiкпен шұғылданамын деушiлер үшiн барша жағдайлар, жеңiлдiктер жасалған. “Индустриалды аймақты” да тiлге тиек етпей болмас. Таяуда осындай жобалардың бiрi – қант зауыты iске қосылып, өз өнiмiн шығара бастады.
Аудан көлемiнде алғаш рет қант қызылшасын егiп, зауыт салуды жеке кәсiпкер Ұлжасғас Тастанова қолға алған болатын. Кәсiпкер кешегi күнге дейiн тамшылатып суару әдiсiмен өндiрген өнiмiн өзге аймақтарға арзан бағамен сатуға мәжбүр болып келдi. Ендi мiне, өзi өндiрген шикiзатты өзi өңдеп, халыққа қол жетiмдi бағамен ұсынбақ.
– Әрине, бұл зауытты iске қосу маған оңайға түскен жоқ. Өндiрiс орнын салуды 2008 жылы қолға алған болатынбыз. Одан берi жүйкенi тоздырардай, жүрекке салмақ салардай қаншама күндер өттi. Әлдеқандай болар деп күдiкке де берiлдiм. Бiрақ, үмiтiм үзiлген жоқ. Жанашыр дос-жарандардың рухани дем беруiнiң өзi үлкен қуат сыйлады маған. Оларға үлкен рахмет айтамын. Кәсiпкерлiкпен шұғылданушылар үшiн барша жағдайлар мен жеңiлдiктер жасап жатқан Елбасымызға, облыс және аудан әкiмдерiне шексiз ризамын. Ендiгi мақсатым– сапалы өнiм шығарып, халықты қантпен қамтамасыз ету,– дейдi ағынан жарылған зауыт директоры Ұ.Тастанова.
– Бұл өндiрiс орны облысымызда қант өнiмiн шығаратын бiрден-бiр кәсiпорын. Осы зауыт арқылы облыс көлемiнде қант шығарудың негiзi қаланады десем артық айтқандық емес. Осы iстiң басы-қасында жүрген барша азматтарға үлкен алғысымды бiлдiремiн. Көңiлде жүрген көп күдiк бүгiн сейiлдi. Жұмыстарыңызға табыс тiлеймiн,– дедi зауыттың сынақтық қосылуы кезiнде аудан әкiмi М.Марайым.
Аталмыш өндiрiс орнының бой көтеруiне жамбылдық кәсiпкерлер де көп еңбек сiңiрдi. Олар алдымен қант қызылшасын өндiру технологиясының қыр-сырын үйреттi. Зауыт құрылысының жобасын жасауға атсалысты. Қондырғыларын орнатып, қант шығарудың технологиясын көрсеттi. Бiр атап өтерлiгi – бұл зауыт өте ықшамды құрылған. Аз шығынмен көп өнiм шығарады. Алматы, Жамбыл облыстарындағы алып зауыттар секiлдi көп күш қажет етпейдi. Ал, мұнда жұмыс iстейтiн маман-кадрларды қайдан шақырамыз? Бұл сұрақтың да түйiнi шешулi екен. Облыс орталығындағы технологиялық оқу орындарының ұстаздары шәкiрттерiн өндiрiстiк iс-тәжiрибеден өтуiн осы зауытта жүргiзудi қолға алуға құлшыныс бiлдiрiп отыр. Қала берсе өзiмiздегi №16 кәсiптiк лицейде де қант өндiрiсiнiң маманын даярлап шығуға мүмкiндiк бар.
Ал, зауытты шикiзатпен қамтамасыз етуге ауданымыздың толық мүмкiндiгi бар. Бiр ғана Ұ.Тастанованың “Рахман-ТБ” фермерлiк шаруа қожалығы 150-170 гектар алқапқа қант қызылшасын егедi. Бұдан бөлек, биылдан бастап қант құрағын егудi қолға алып отыр. Өнiмдi қабылдайтын орын өзiмiзде тұрған соң өзге шаруалардың да қант қызылшасын егуге қызығушылық танытары сөзсiз. Зауыт директорының өзге шаруалармен келiсiмшартқа отыруы да әбден мүмкiн. Демек, қызылша өндiру мәселесiне қобалжымайақ қойса да болатындай.
Қант зауыты толық қуатында iске қосылғанда жылына 500 тонна қант өнiмiн шығарады. Бұл дегенiңiз күнiне 1,5 тонна шекер шығарылады деген сөз. Өзiмiзге де, өзгелерге де жетедi. Мұнан бөлек, бұл жерден мал азығы болатын жем де шығарылады. Қанттан бөлiнiп шығатын сироп пен сөл тағы бар. Айтпақшы, кондитерлiк цех, фабрикалар тарапынан осы өнiмдерге әзiрдiң өзiнде сұраныс мол.
“Бәрiн айт та, бiрiн айт” дегендейiн өнiмдерiмiздiң өзiмiзде өңделгенi қандай ғанибет. Өнiмiн сата алмай шаруа шаршамайды, шикiзат керек деп зауыт басшылары алаңдамайды. Өзiмiзде өндiрiлген соң бағасы да қара базардағыдан әлдеқайда арзан болады. Жергiлiктi тұтынушы халыққа керегi де осы емес пе?
Шардара ауданының аты бiр кездерi күрiшiмен, таудай тулаған балығымен шыққан болса, ендiгi жерде шекерiмен де мақтана алатын болды. Ендiгi жерде Шардараның шекерi шартарапқа шығарылатын болады. Ия, Шардарының шекерi!

 

Әкімнің блогы

Баннер

Баннерлер

Баннер
Баннер
Баннер

Жүйеге кіру



Күнтізбе

2012
Ақпан
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829