Бөлімдер
Өзге мәліметтер
Сұрақ
Қазір сайтта
Қазір 2 қонақтар онлайн| Бұл жыл - басқа жылдардан өзгерек |
|
|
|
|
Шығыс пен Батысқа белгiлi шайыр Шәкәрiмнiң пәлсапаға толы сөзiн өзiмiзше өңдеп, тақырыптың тұздығы етiп алуымыздың өзiндiк мәнi бар. Өйткенi, бұл жыл – қазақ елi Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы! Жасампаздық пен бейбiтшiлiктiң 20 жылдығы! Экономикасы күн санап дамып келе жатқан елiмiз айтулы мерекенi лайықты қарсы алу мақсатында үстiмiздегi жылды толайым табыстармен қорытындылағалы отыр. Осындай айтулы шараға шардаралықтар да сүбелi үлестерiн қосуда. Облыс әкiмi Асқар Мырзахметовтiң ауданымызға арнайы сапары барысында бiрнеше нысандардың пайдалануға берiлуi сөзiмiздiң жарқын мысалы бола алады.
Жаңа көпiр – жақсылықтың өткелi болғай
Шынын айту керек, осыдан 40-45 жыл шамасы бұрын Сырдария өзенi үстiнен салынған те Өндiрiстiң өркендеуi – табыстың молаюы Аудан көлемiнде индустриалды–инновациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында бiрнеше өндiрiс орындарының iске қосылатындығы жөнiнде газетiмiздiң бұдан бұрынғы нөмiрлерiнде де атап көрсеткен болатынбыз. Сондай жобалардың iшiнде “Шардара май-жем” комбинаты да бар едi. Бұрынғы өнеркәсiп аймағы маңынан салынған өндiрiс орнына Раманқұлов Ғани Аманоллаұлы жетекшiлiк етедi. Құрылыс жұмыстары былтырғы жылдың мамыр айында басталған болатын. Аталған комбинат өсiмдiк майымен қатар мал азығын да дайындауға лайықталған. Кәсiпорынды iске қосу үшiн 222 млн. теңге қаржы жұмсалды. Өндiрiс орны толық қуатында жұмыс iстеп тұрса, жылына 4500 тонна өсiмдiк майын, 11 мың тонна мал азығын дайындай алады. Өндiрiске қажеттi шикiзатты ауданымыздың шаруалары өндiретiнi белгiлi. Диқан қауымы өндiрген мақта, пiсте, мақсары дақылдарынан май өндiрiледi. Мал азығын дайындау үшiн аса қобалжудың ретi жоқ. Ол үшiн бiзде шикiзат қоры мол. Жаңа өндiрiс орнының ашылуына байланысты жаңа жұмыс орындары да пайда болары сөзсiз. Бұл жерде жұмыс iстейтiн 60 адам өзiне тұрақты жұмыс тапты. Бұл дегенiңiз 60 жанұяның тұрақты табыс көзi бар деген сөз. Комбинат өндiрген өнiм жергiлiктi халықтың сұранысына ие болары да сөзсiз. Өйткенi, өзiмiзде өндiрiлген өнiмнiң бағасы базардағыдан төмен болары даусыз. "Шаңырақ" монументi "Бәйтеректi" елестетедi Көзi қарақты оқырмандарымыз биылғы мерейлi мерекемiзге орай қала орталығынан “Тәуелсiздiк” саябағының қазығы қағылғандығынан құлағдар. Жалпы, соңғы 3-4 жыл көлемiнде аудан аумағын абаттандыру, көркейту жұмыстары қарқынды жүргiзiлiп келедi. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен бөлiнетiн қаржы көлемi де жыл сайын артып келедi. Атап айтар болсақ, 2009 жылы осындай шараларды жүзеге асыру үшiн 11 млн. 750 мың, 2010 жылы 37 млн. 118 мың, биылғы жылы 107 млн. теңге қаражат қаралған. 2007-2008 жылдары “Тұңғыш Президент”, “Ұрпақтар сабақтастығы” саябақтары мен “Алты Алаш” алаңы салынды. 2009 жылы “Шежiре” саябағы ашылып, былтырғы жылы сол маңға биiктiгi 30 метрлiк тұғырға елiмiздiң көк байрағы орнатылды. Биыл Рәмiздер алаңы ашылды. Бұрынғы қараусыз қалған “Жеңiс” саябағы қайта қалпына келтiрiлдi. Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы саябақ пайдалануға берiлдi. Биылғы жылы қаламызды абаттандыру жұмыстарына бөлiнген қаржыға аумағы 3 гектар болатын “Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы” саябағын ашып, аумағын қоршау, кiреберiс қақпасы мен аркасын орнату, аяқжолдар салу, көгалдандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргiзiлдi. Облыс әкiмiнiң iс-сапары барысында осынау саябақтың да салтанатты ашылу рәсiмi болып өттi. А.Мырзахметов өз сөзiнде Шардарада атқарылып жатқан жұмыстарға разы екендiгiн бiлдiрiп, аудан тұрғындарын мерейлi мерекемен құттықтады. Осынау кездесулер барысында еңбек ардагерлерi басшы азаматтарға ағынан жарыла алғыстарын бiлдiрiп жатты. Бiз жоғарыда бiр жылда атқарылған жұмыстардың таңдаулы тарауын әңгiмеге арқау еттiк. Биылғы жылдың қорытындыланар шағында бұл әңгiмеге қайта айналып соғатын боламыз. Сәбит Лаханов (ӨСКЕН-ӨҢІР ақпарат) |
Әкімнің блогы
Баннерлер
Жүйеге кіру
Күнтізбе
![]() | 2012 | ![]() |
![]() | Ақпан | ![]() |
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сн | Жк |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
| 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
| 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
| 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
| 27 | 28 | 29 |




мiржол көпiрi арқылы әрлi-берлi қатынау шардаралықтарды шаршатып-ақ бiтiрген-дi. Шаршатпай қайтсiн, жалғыз ғана көлiк сиятын кiшкене көпiрде күнде кептелiс болып жатады. Көпiр ортасында көлiктер текетiресiп қалғанда жүйке тоздырады. Не әрi, не берi өте алмай сағаттап тұрып қалатын кездер болатын. Ақыр соңында автоинспекция қызметкерлерi араласып жатушы едi. Оның тарлығы өз алдына бiр жыр. Тозығы жеткен соң ол көпiрдi жөндеп те жарытпайды екенсiң. Биыл бiр жерi жамалса, келер жылы тағы бiр жерi опырылып, үңiрейiп тұрады. Сол көпiрдi жөндеуге, онда тас төсеуге қаражат табылмаған да замандар өттi. Ондай уақытта, әсiресе, қыстың күндерi нағыз тар жол, тайғақ кешу болады. “Шықпа, жаным, шықпамен” iлдебайлап тұрған көпiр үстiнен көлiктердiң өзенге құлау жағдайлары да орын алғандығын жасырмай-ақ қояйық. Қаншама жандар ажал құшты. Әлде де шардаралықтардың шыдамы мықты екен. Шыдады. Сол жерден әрлi-берлi өткен сайын немесе қалың жұртшылық бас қосқан жиындарда “Жаңа көпiр салынса ғой” деген жерлестерiмiздiң арман-тiлегiн ұдайы еститiнбiз. Мұндай ұсыныстарды аудан басшылары да құп көретiн. Алайда .... көпке дейiн осы iстi қолға алу кейiнге шегерiлiп қала бердi. Әрине, халыққа ғасырлар бойы қызмет көрсетуi тиiс мұндай iрi жобаны жүргiзуге кететiн қаражат мөлшерiн аудан бюджетiнен бөлiп беру мүмкiн емес. Сонда қайтпек керек? Әрине, жоғарыдан сұрау керек. Ал ондағылар “сұраған екенсiң, мiне, ала ғой” демесi анық. Ол үшiн нешеме табалдырықты тоздырып барып, айтайын деген мәселеңнiң маңыздылығын, оның ауадай қажеттiлiгiн құр ауызбен айтып қоймай, құшақ-құшақ құжаттармен дәлелдеп шығуың қажет. Жүйкең темiрден жаралса, жеңiп шығасың. Табандылық танытпасаң бастаған iсiң жарты жолда қалады. Бастаған iсiң бiтпеген соң ел алдында беделiң түсiп, абыройың айрандай төгiлерi де сөзсiз. “Қатептi қара нар керек, бiздiң бүйткен бұл iске”, – дептi ғой батыр бабамыз мойындарына алған iстiң салмағын сезiнген соң. Аудан әкiмi Марғұлан Марайым бастаған жұмысшы тобы да көпiр құрылысына республикалық бюджеттен қаражат бөлдiру барысында күн-түн демей жанкештiлiкпен жұмыс жасады. Жұмысшы тобының көз майларын тауыса жазып-сызып шыққан құжаттары министрлердiң суырмаларында қозғалмай жатты. Оны қозғау үшiн тағы да әрекет жасау қажет. Қаншама есiктер қағылды. Қабылдау бөлмелерiнде қаншама iз қалмады дейсiз. Сарыла күту, табандап тосуға тура келдi. Болмашы нәрсеге бола бума-бума құжаттар керi қайтып жатты. Құжаттар бұрынғысынан да қалыңдап, қайта Астанаға жөнелтiлдi. Әрбiрiне бұл жұмысты дәйектi дәлелдермен, бұлтартпас фактiлермен көздерiн жеткiзген соң, жоба мақұлданды. Сырдария өзенi үстiнен салынатын жаңа көпiр құрылысына миллиардтан астам қаражат бөлiндi. Әкiм бастаған жұмысшы тобы осы кезде кең тыныстағандай болды. Әйткенмен, “ақша бөлiндi, жұмыс бiтер” деп арқаны кеңге салуға да болмайтын едi. Күнделiктi қадағалап, тексерiп отырудың нәтижесiнде жұмыс уақтылы аяқталды. Желтоқсан айының 2-жұлдызында облыс әкiмi Асқар Мырзахметов көпiрдiң ашылу салтанатына қатысты. Шардаралық-тар аудан, облыс басшыларына үлкен алғыс сезiмдерiн бiлдiрiп жатты.






