Құрылыс жұмыстары қалай атқарылды PDF Басып шығару E-mail

Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығы мерекесi жылында ауданымызда құрылыс саласы бойынша бiршама жұмыстар атқарылды. Құрылыс жұмыстары негiзiнен бiлiм саласы, коммуналдық саласы, тұрғын үй саласы бойынша жүргiзiлдi.

Бiлiм саласы бойынша:

Қала орталығындағы А.Иманов көшесi бойынан салынған 280 орынды балабақша құрылысына 200 млн теңге қаражат қаралған. Құрылыс жұмыстары 1 шiлдеде толық аяқталды. Аталған нысан Астана күнi қарсаңында толық пайдалануға берiлiп, жергiлiктi тұрғындарды шат-шадыман қуанышқа бөледi. Көксу ауылдық округiне қарасты Айдарқұл елдi мекенiндегi 60 оқушыға арналған бастауыш мектеп құрылысына 30 млн 832 мың теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары 1 қыркүйек Бiлiм күнi қарсаңында толық аяқталды. Бұған дейiн құлауға шақ қалған ғимаратта оқып келген балалар  ендiгi жерде заманауи үлгiде салынған ғимаратта бiлiм алатын болады. Осындай жұмыстарға жергiлiктi тұрғындар өз ризашылықтарын бiлдiруде. Қала орталығындағы 1266 оқушыға лайықталған №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебiнiң құрылысын аяқтау жұмыстарына биылғы жылы 43 млн 600 мың теңге жұмсалды. Жыл сайын “жыры” бiтпей келе жатқан мектеп құрылысы биыл толық аяқталды.

 

Коммуналдық сала бойынша 7 ауылдық округте ауыз су тарату құбырларының желiсi  қайта жөнделдi. Достық ауылында атқарылған жұмысқа 78 млн, Сүткент ауылында атқарылған жұмысқа 84 млн теңге қаралып, жөндеу жұмыстарын “А-Транзит” ЖШС жүргiздi. Қазiргi таңда жұмыстар толығымен аяқталған. Ақшеңгелдi ауылдық округiнде атқарылған осындай жұмыстарға 57 млн 250 мың теңге, Қызылқұм ауылындағы жұмыстарға 43 млн 850  мың теңге қаражат жұмсалды. Мұндағы жөндеу жұмыстарын “Сақ-құрылыс” ЖШС атқарды. Алатау батыр ауылындағы осы тектес жұмыстарға 96 млн 500 мың және 100 млн 500 мың теңге қарастырылды. Ұзын ата ауылындағы жұмыстар үшiн 105 млн 700 мың теңге қаралған. Құрылысты жүргiзген “Комби-Строй-1” ЖШС аталған ауылдардағы жұмыстарды мерзiмiнен бұрын аяқтады.

Тұрғын үй саласы бойынша қала орталығынан салынып жатқан 1 пәтерлi 3 коммуналдық тұрғын үй құрылысына 11 млн 190 мың теңге жұмсалып отыр. Бұл жұмыстарды “Жол Болсын” ЖШС жүргiздi. Пәтерлер таяу арада пайдалануға берiледi.

Ұзын ата ГРС-нен Алатау батыр ауылына дейiн жоғарғы қысымды газ жеткiзгiш құбырларын тарту және Алатау батыр ауылын газдандыру жұмыстарына 439 млн 100 мың теңге жұмсалды. Құрылыс жұмыстарына жауапты мердiгер “Комби-Строй-1” ЖШС өз жұмыстарын толғымен аяқтады.

Ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы деп белгiленген биылғы жылды аудандық құрылыс бөлiмi осындай қарқынды жұмыстармен қорытындылап отыр.

ӨСКЕН-ӨҢІР ақпарат

 

Әкімнің блогы

Баннер

Баннерлер

Баннер
Баннер
Баннер

Жүйеге кіру



Күнтізбе

2012
Ақпан
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829