Сырдарияда жаңа мешіт ашылды PDF Басып шығару E-mail

Иман – адам жанының айнасы. Ал иманды болмақ – жанның тазалығынан, адамгершiлiк қасиеттердiң даралығынан туындайтын iзгiлiк. Екi аяқты пенде атаулыны осындай iзгiлiкке, биiк парасатқа, дiнге деген түсiнiктiң дұрыс қалыптасуына ықпал ететiн орын әрине – мешiт екендiгi де даусыз. “Мешiт – Алланың жердегi үйi” дейдi қасиеттi хадистiң өзiнде де. Осындай орындардың көптеп бой көтергенiне көңiл қуанады, жан жадырайды. Таяуда Көксу ауылдық округiне қарасты Сырдария ауылында заманауи үлгiде салынған зәулiм мешiт бой көтерiп, халық игiлiгi үшiн пайдалануға берiлдi. Бұл мешiт ауданымызда биыл пайдалануға берiлген үшiншi, республика көлемiндегi 828-шi мешiт. Келешекте имандылық мекенiне айналатын мешiттiң салтанатты ашылуына аудан басшылары, Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының өкiлдерi, алыс-жақын аудандардан келген арнайы қонақтар, ауыл тұрғындары қатысты.

 

– Қазiргiдей дiн атын жамылып, жастарды терiс жолға түсiретiн түрлi дiни ағымдағы секталардың жолына тосқауыл қою бағытында осындай орындардың ашылып отырғаны құптарлық iс. Ендiгi жерде ауыл тұрғындары осы мешiтте дiни көзқарастарын одан әрi нақтылап, өсiп келе жатқан жас буынға дұрыс бағыт-бағдар бередi деп сенемiз,–дедi жиында сөз алған аудан әкiмiнiң орынбасары Тұрсынқұл Байтұрғанов. Мұнан кейiн сөз алған Қазақстан мұсылмандар дiни бiрлестiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша өкiл имамы – бас имам Бейбiт Мырзагелдиев, аудандық мәслихат хатшысы, “Нұр Отан” ХДП аудандық филиалының төрағасы Тоқсанбай Бердiбеков және бiр топ қонақтар мешiттiң ашылуына, осы мешiттi салуды жүзеге асырған жеке кәсiпкер Болатбек Құметовке аса зор ризашылықтарын бiлдiрдi. Мешiттiң ашылу салтанатынан соң намазға жығылған жамағат жаңа ғимаратта намаз оқып, арнайы жайылған дастарқан мәзiрiнен дәм татты. Ауыл ортасынан Алланың жердегi үйiн тұрғызған жеке кәсiпкер Болатбек Салықбайұлының есiмi ауыл, аудан халқына әбден таныс. Аудан, облыс көлемiнде өтiп жататын қандай да бiр қайырымдылық шараларынан шет қалған емес. Алдына келген адамның меселiн қайтармаған қайырымды жан. Тұрмысы төмен жандарға өзi өндiрiп отырған күрiш, бидай секiлдi астықтан, жоңышқа және өзге де мал азықтарынан қарасып тұратындығын ауылдастары ризашылықпен айтып жатады.

“Бақ, қайда барасың? – дегенге – ынтымаққа барамын” деген екен. Жалпы алғанда, Салықбаевтар әулетi ынтымағы жарасқан, аудан, облыс көлемiне танымал болған әулет десек артық айтқандық болмас. Жаңбырбек ағамыз өзiндiк кiсiлiк келбетiмен көзге түскен жан. Бұл ағамыздың азаматтық iстерiн алатаубатырлықтар жақсы бiледi. Қарайғанға қарасып, жақсыларға жанасып жүретiн жанды ауылдастары аудандық мәслихаттың депутаттығына кандидат болып тiркелгенiн өте қызу қолдады, бiрауыздан дауыс бердi. Қазiргi таңда “Жайсаң” тәжiрибе шаруашылығының басшысы. Зәуiрбек Салықбай бiр кездерi Қазақ КСР Жоғары Кеңесiне депутат болып сайланған екi жерлесiмiздiң бiрi. Тәуелсiздiк декларациясын қабылдауға атсалысқан азамат. Осы ауданда кеңшарларды басқарды. Ауданымызда әкiм болып та қызмет атқарды. Ауданның экономикалық дамуында өзiндiк қолтаңба қалдырған басшылардың бiрi. Экономика ғылымдарының кандидаты. Болатбек Құметов те ағаларынан үлгi-өнеге алып, көп тiрлiк бiтiрiп жүрген кiшiпейiл жан. Өзi басқаратын су пайдаланушылар кооперативiнiң жұмысын жақсы жолға қойған шаруақор жiгiт.

Былтырғы жылы өздерiне қарасты каналдар мен арық-атыздарды тазалау жұмыстарына бел шеше кiрiстi. Мемлекет тарапынан бөлiнген қаражатты тиiмдi пайдаланудың, жұмыстарды жүйелi жүргiзудiң нәтижесiнде шаруалар егiн суынан қиындық көрген жоқ. Көршi Қоссейiт ауылының шаруалары “бiзге де осындай бiр азамат керек-ау” деп ризалық бiлдiргендерiн талай естiгенбiз. Осындай оңды iстерiнiң әсерiнен болар Болатбек ағамыз да аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. Ел сенiмiн мойнына жүктедi. Және сол сенiмдi абыроймен ақтап та келедi.

– Салықбай аталары 1922 жылы туылған екен. 1941 жылғы Ұлы Отан соғысына алғашқы жылдың өзiнде-ақ аттанған. Майданнан 1946 жылы оралды. Немiстерден кейiн жапондармен шайқасыпты. Елге келген соң екеумiз шаңырақ көтердiк. Құдайдың берген қара домалақтарын бiреуден iлгерi, бiреуден кейiн дегендей ел қатарлы ер жеткiздiк. Өзi де нағыз шаруаның адамы едi. Ұл–қаздарының әкелерiнен үлгi алғанына мың мәрте тәуба деймiн. Мiне, бүгiнгiдей бейбiт заманда әкелерiнiң атынан мешiт тұрғызып жатыр. Бiздiң заманымызда бұлай iстемек түгiлi, намазды да тығылып оқыды ғой үлкен кiсiлер. Елбасымыз Н.Назарбаевтың ұстанған жолы – дұрыс жол. Бәрiң де бақытты болыңдар,–дейдi депутаттардың анасы, “Алтын алқа” иегерi Ұмсынай әжей.

– Ауылымызда бұрындары мешiт жоқ едi. Мынадай заманауи үлгiдегi зәулiм құтхананың ауылдан ашылуы бiздi үлкен қуанышқа бөлеп отыр. Ендiгi жерде сәждеге бас қойып, шариғат жолын ұстанатындар саны артатындығы ақиқат, – дейдi ауыл тұрғындары.

Лайым, солай болғай.

Сәбит Қоспанұлы (ӨСКЕН-ӨҢІР ақпарат)

 

Әкімнің блогы

Баннер

Баннерлер

Баннер
Баннер
Баннер

Жүйеге кіру



Күнтізбе

2012
Ақпан
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829