Шетелге 2000 тонна қауын жөнелткен кәсіпкер PDF Басып шығару E-mail

Газетiмiздiң фототiлшiсi Оңласын Төлегенов үнемi iс сапарда болып, ауылдарды, еңбек ұжымдарын жиi аралап, халықпен жиi кездесетiн жiгiт қой. Осы жуырда ғана қасында бейтаныс бiр кiсi бар, кабинетке қашанғы әдетiнше даурыға сөйлеп, аңқылдап кiрiп келдi.

– Тағы бiр нағыз кәсiпкердi алып келдiм, жазуға әбден лайық,–дедi ол,–облыстық мерекеде бақшадан чемпион атағын алды. Аты Садық, – мiне, мына кiсi... Айтып отырған мерекесi, шаруашылық жылының қорытындысына орай, облыста жыл сайын жәрмеңкемен қатар өткiзетiн ауылшаруашылығы қызметкерлерiнiң дәстүрлi күнi. Биыл бiздiң ауданымыздан егiншiлiк саласы бойынша екi кәсiпкердiң чемпион атанғанынан хабардар едiк. Бiрi жыл сайын жүлделi орыннан көрiнiп келе жатқан, есiмi елге белгiлi А.Әдiлбеков едi де, екiншiсi шынында бейтаныс болатын. Оңласынның ертiп келгенi өзiмiз де естiгеннен кездесудi ойға түйiп, орайын күтiп жүрген нақ сол чемпионымыз болып шықты. Сөзi мен әр мәнерiнен, мақсатына жетпей қайтпайтын, батыл шешiмнiң, үлкен жiгер мен iстiң адамы екенiн аңғару да қиын емес. Ойындағысын бүкпей ашық айтып отыратын ақкөңiл көрiндi. Осы тосыннан болған және уақыты тым қысқа кездесудiң өзiнде талай нәрсеге қанықтық. Өзi алыс та емес, мына көршiлес жатқан Мырзашөл өңiрiнiң, дәлiрек айтсақ бұрынғы Ильич, қазiргi Атакенттiң азаматы екен. Жоғары бiлiмдi инженер. Ресейдiң Омск қаласында автомобиль жолдары институтын бiтiрiптi.

Кезiнде үлкен бастық та болған. 1989-2000 жылдары Ильичтегi  автопаркте директор лауазымын атқарған. Ойлап қарасаң, тiптi де осал емес.

– Күтпеген жерден заман өзгердi ғой,–дейдi Садық ағынан жарылып,– Әлгi бәрiмiз жақсы бiлетiн жекешелендiру науқанынан кейiн де паркте жап–жақсы күнкөрiс көзiн табуға болатын едi,–осы арада Садық жарқырап бiр күлiп алды,– Ал мен ұжымға рахметiмдi айттым да бiржола кеттiм. Бағымды ендi басқа салада сынап көрейiн дегенiм ғой... Сонымен Садық өзi айтқандай бағын басқа салада– кәсiпкерлiкте сынап көрiптi. Сәтсiз де емес. Қошемет көрсетуге тұрарлық. Қашанда құлағы түрiк жүретiн жорналшы емеспiз бе, малы бұрынғы орта бiр ферманың малына жуықтайтын, “Гапан” деген шаруа қожалығы туралы аракiдiк есiтiп қалушы едiк. Садығымыз сол “Гапанның” төрағасы екен.

– Жаман емеспiз,–дедi ол, – қазақтың қылшық жүндi қойын өсiремiз. Аналық қой басы қазiр 3600 басқа жетiп қалды. Өз мүмкiндiгiн байқаған Садық тек мұнымен шектелiп қалмапты. 2006 жылы 95,4 га. жер алып, егiншiлiкпен шұғылданатын “Әл–Сағи” шаруа қожалығын құрған. Ұйымдастыра бiлсең-ұтасың. Садық бұл салада да жақсы нәтижелерге жетiп отыр. “Әл-Сағи” биыл 57 гектарға қауын, 20 гектарға жоңышқа, 18,4 гектарға жүгерi егiптi. Жоңышқаның әр гектары 120 цн. өнiм берсе, жүгерiден 16 тоннадан дән жиналды. Садыққа чемпион атағын әперген бақшаның жағдайы тiптi жақсы.

– Бiр қызық жағдай болды,– деп қояды әңгiме арасында Садық көңiлдене күлiп,– қауын пiскен кез. Ресейде бiрге оқыған достар келiп, алысқа жүк тасымалдайтын “Автофургон“ алып машиналарға қауын тиетiп жатыр едiк, жан–жаққа қарайлайтын уақыт тiптi жоқ, екi құлақта да “ұялы” телефон. Байқамаппыз, автомашиналарды көрiп бұрылған шығар, аудан әкiмi келiптi. Бұрын көрмеген кiсiм. Жұмыс iстеп жүрген жiгiттердiң бiрi байқапты. Сәлемдестiк. Таныстық. Әй, осы чемпион болуыма себепкер де сол кiсi болар. Рахмет, еңбектi бағалағанына ... Әйтпесе... Кейбiр басшылардың көре тұра көрмегенситiнiн айтқысы келдi ме, Садық басын шайқап қойды.

– Сонымен, өнiм қалай болды?

– Германия мен Ресейге 2000 тонна жөнелттiм. Iс оңынан келдi, әйтеуiр, қожалықтың техникалық паркiн бiр “МТЗ-80” маркалы тракторымен толықтырдым. Бұрын “Т-12” маркалы 1 тракторымыз бен 40 тонналық автомашинамыз бар едi. Осылай қажеттi техникаларды түгендеп алсақ деп отырмыз,–дедi ол шаруашылығын одан әрi  нығайтып, дамыту жөнiндегi ойларын да ортаға сап. Көргендiгiн көпке үлгi етерлiк осындай әкенiң өнегесiн алып, өсiп келе жатқан ұл-қыздары туралы бiлуге бейiл беретiнiң бар ғой.  Садық ойлағанымыздай өрiсi ертең-ақ, ұлғаяр өнегелi отбасының иесi екен. Үлкенi Әлия– Швецияда, Аидасы–Алматыда, Ларисасы – Шымкентте жоғары оқу  орындарында, ал Аянасы мен ұлдары: Әли , Сағиы–мектепте оқиды. Кездейсоқ кездессең қарапайым көптiң бiр ғой деп көңiл бөле қоймайтын Садығыңыз, мiне, осындай шаруашылықтың қос бiрдей саласын табысты дамытып келе жатқан кәнiгi кәсiпкер, бiлiктi басшы, бай да бақуатты азамат болып шықты.

ӨСКЕН-ӨҢІР ақпарат

 

Әкімнің блогы

Баннер

Баннерлер

Баннер
Баннер
Баннер

Жүйеге кіру



Күнтізбе

2012
Ақпан
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829