|
Биылғы қоян жылғы көктемнiң қолайсыздау, жауынды-шашынды болғандығына қарамастан шардаралық шаруалар жылды толайым табыстармен, зор жетiстiктермен қорытындылап отыр. Төккен тер, еткен еңбек зая кеткен жоқ. Тоғыз айдың көрсеткiштерi бойынша ауданымыз облыстық рейтингте бiрiншi орынға шықты.
Аудан аумағында шаруалар өндiрген өнiмдердi өңдейтiн қант зауыты, күрiш зауыты, май-жем комбинаты секiлдi өндiрiс орындары ашылды. Ауылдық округтерде көкөнiс сақтау қоймалары салынды. Мал басын асылдандыру жұмыстары жолға қойылды. Арық-атыз, каналдарды тазалаудың нәтижесiнде суармалы егiстiк көлемi артты. Өнiмдiлiк те жыл сайын артып келедi. Осындай жетiстiктердi жiктеп, табыстарды таразылап алу мақсатында таяуда аудан еңбеккерлерiнiң “Алтын күз–2011” қорытынды жиыны болып өттi. Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдық мерекесiмен тұспа-тұс тойланған мерекелiк жиынға аудан басшылары, ауыл әкiмдерi, мекеме, кәсiпорын басшылары мен кәсiпкерлер, еңбек ардагерлерi қатысты.
– Ауданымыз облыс көлемiнде алдыңғы орыннан көрiнiп жатса, бұл бiрiншiден сiздердiң еңбектерiңiздiң нәтижесi деп бiлемiн. Елбасымыз өзiнiң әрбiр Жолдауында ауылдың әлеуметтiк тұрмысын көтерудi назарға алып отырады. Бұл орайда арнайы бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Сiздердiң еккен егiндерiңiз үшiн мемлекет субсидия төлейдi. Егiн су үшiн де солай. Көктемгi егiске және күзгi жиын-терiмге жеңiлдетiлген бағамен жанар-жағармай босатуда. Тыңайтқыштар мәселесiнде де осындай жеңiлдiктер бар. Арнайы бағыттарды несиелендiру жұмыстары жүруде. Мемлекетiмiздiң осындай қамқорлығына табысты еңбекпен жауап берiп жатқан сiздерге үлкен алғыс айтамын,–дедi “Тұран” тойханасында болып өткен салтанатты жиында сөз алған аудан әкiмi М.Марайым. – Сонымен бiрге жиын барысында еңбек өнiмдiлiгiнде жоғары нәтижеге қол жеткiзген шаруашылықтар марапатталды. Ауылдық округтер бойынша 2900 гектар мақталықтың әр гектарынан 25,3 центнерден өнiм жинаған Қоссейiт ауылының еңбеккерлерi бiрiншi орынды иемдендi. Агроқұрылымдар бойынша мақталықтың әр гектарынан 66 центнерден өнiм жинаған “Рахымжан” шаруа қожалығының төрағасы Д.Лесов, бидайдың әр гектарынан 40 центнерден өнiм алуға қол жеткiзген “Болатбек” шаруа қожалығының төрағасы Б.Құметов, жүгерiнiң әр гектарынан 88 центнерден өнiм алған Ж.Айтураев, бақшалықтың әр гектарынан 960 центнерден өнiм жинаған “Сәкен” шаруа қожалығының төрағасы С.Шылмырзаев, көкөнiстiң гектар түсiмдiлiгiн 310 центнерге жеткiзген “Қамшыбек” шаруа қожалығының төрағасы Ө.Батрышаев, жоңышқаның әр гектарынан 340 центнерден өнiм алған “Досан ата” шаруа қожалығының төрағасы Қ.Досанов, күрiштiктiң гектар байлығын 75 центнерге жеткiзген “Қайрат” шаруа қожалығының төрағасы Н.Сүлейменов, жылыжай салудан жеке кәсiпкер Е.Жезбаев, тамшылатып суару әдiсiн 135 гектар алқапқа ендiрген “Қаныбек” фермерлiк қожалығының төрайымы Г.Құлшаева, 426 ұсақ шаруаны бiр шаруашылыққа iрiлендiрген А.Тiлеубаев, озат су пайдаланушы кооперативi деп танылған “Нұр-Ел” СПК төрағасы Е.Айдынбаев, мақта қабылдау науқанында жоғары нәтижеге қол жеткiзген “Мырзакент–холдинг” АҚ Шардара филиалының менеджерi С.Қуан, озат комбайыншы М.Сейсенов, озат терiмшi А.Оралова, озат ет өндiрушi Е.Қарабаев, озат iрi қара мал өсiрушi А.Сәуiрбаева, озат жылқышы Е.Жәнiбек, ауылшаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу мекемелерi қатарында күрiш зауытының директоры Ғ.Жұмабаев, қант зауытының директоры Ұ.Тастанова, озат хатшы деп танылған “Ақ Орда” шаруа қожалығының төрағасы Т.Қанаевтар жарыс жеңiмпаздары деп танылды. Жеңiмпаздарға аудан әкiмiнiң “Алғыс хаты”, “Еңбек озаты” белгiсi мен сыйлыққа теледидар тарту етiлдi. Мақталықтың әр гектарынан 23 центнерден өнiм жинаған Алатау батыр ауылдық округiнiң еңбеккерлерi, агроқұрылымдар бойынша мақта дақылын өсiруде “Қазыбек” шаруа қожалығының төрағасы Ә.Мүсәлиев, бақша өнiмдерiн өндiруде “Мақсат” шаруа қожалығының төрағасы М.Сұлтанов, жоңышқа егiсi бойынша “Ешкiлi көл” шаруа қожалығының төрағасы Қ.Бегалиев, күрiш өндiру бойынша “Тұрдықұл” шаруа қожалығының төрағасы А.Тұрдықұлов, түйе өсiрушi “Ақiлгек” шаруа қожалығының төрағасы А.Мұсаевалар аталған салалар бойынша II орын иегерлерi атанды. Сонымен бiрге жиын үстiнде ауылшаруашылық саласында ұзақ жылдар жемiстi еңбек еткен бiр топ ардагерлерге, өндiрiстi реформалауға және нарықтық талаптарға сай дамытуға үлес қосқан бiр топ мекеме қызметкерлерiне арнайы марапаттар табысталды. Д.Әбу, К.Тұрысоваларға ауылшаруашылығы кәсiпорындары еңбеккерлерi кәсiподағының бiрiншi дәрежелi “Еңбек даңқы” белгiсi тапсырылды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдениет қызметкерлерi де лайықты марапатталды. Сонымен бiрге аудандық бiлiм бөлiмiне қызметтiк автокөлiктер табыс етiлдi. Сөз соңында шардаралық барша еңбеккерлердi қол жеткiзген табыстарымен құттықтай отырып, әрдайым еңбектерiне береке тiлегiмiз келедi.
“Өскен өңiр – ақпарат” |