Облыстан озып, республикадан үздік шыққан дәнекерлеуші PDF Басып шығару E-mail

Қазақтың бетке ұстары Ермахан ага жайында толығырақ білгіңіз келсе, осы бетті оқыңыз.Ол кісі әртүрлі номинациялардың жеңімпазы екенін біреу білсе, біреу білмес. Ұлы Абай атамыздың “Еңбек етсең, емерсiң”,– деген сөзi Ермахан Боранбайұлына арнап айтылғандай, сiрә... Бар ынта жiгерiмен, ақыл-парасатымен, өзiнiң шеберлiк қасиетiмен ерекшеленген Ермахан Әлiмбеков жайында сыр шертер болсақ, ол кiсi 1965 жылы шағалалы Шардара қаласының төрiнде дүниеге келiптi. Мектеп табалдырығын Қоссейiт ауылында аттап, Ш.Уалиханов атындағы орта мектептен тәмамдайды. Одан кейiн әрбiр қазақ азаматының парызы– азаматтық борышын өтеуге әскерге аттанады. Қиын-қыстау кездерде барлық қиыншылыққа төтеп берiп, дәнекерлеушiлiк мамандығына құлшынысы осында арта бастайды.

Әскерден келген соң осы мамандық бойынша №16 кәсiптiк-лицейде (бұрынғы СПТУ) “дәнекерлеушi” мамандығын алып шығады. Әрi қарай бiлiмiн жалғастыруды ойлаған маман Илиьч, қазiргi Атакент совхозында ауылшаруашылық механигi мамандығын да бiтiредi. Жастайынан еңбегiн жанына серiк еткен Ермахан аға бүгiнде жақсы жар, ардақты әке. 5 бала тәрбиелеп отырған жайы бар.
– Ер адамға артылатын күш оңай емес. Үйдi асырау, балалаларымызды әйтеуiр қатарынан қалмасын деп не iстемедiк? Содан күнкөрiс қамымен шаруашылық саласында жүрiп, 2006 жылдан берi №16 кәсiптiк лицейде “Газды электрмен дәнекерлеушi” мамандығы бойынша өндiрiстiк оқыту шеберi болып қызмет iстеп жүрмiн. Келгелi 2 топты бiтiрттiм. Екi шәкiртiм осы жерде мастер-дәнекерлеушi. Қалғандары Қазақстанның әр қалаларында. Астана, Алматы, Атырау т.б. Мәселен, жақында Наурыз есiмдi (фамилиясын ұмытып тұрмын) шәкiртiммен сөйлестiм. Алматы қаласында “Қуат” коорпорациясында жұмыс iстеп жатыр екен. Айлығым– 180- 190 мың деп, ағынан жарылды. “Шәкiртiнiң жақсысына қуанатын ұстазбыз ғой, оны естiп қатты қуандым”.
Ол аз уақыттың iшiнде өз iсiнiң қыры мен сырын жан-жақты меңгерген, жауапкершiлiгi мол, өте қарапайым, қашанда iзденiмпаздығының, тиянақты-лығының арқасында көпшiлiк құрметiне бөлендi.
Соның дәлелi – бiлiм жүйесiндегi жаңа технологиялар, педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау орталығының жұмыс жоспарының негiзiнде ағымдағы жылдың 27 сәуiр күнi Шымкент қаласы №2 кәсiптiк лицей базасында өндiрiстiк оқыту шеберлерi арасында “Ең үздiк дәнекерлеушi” атты облыстық байқауда өзiнiң жаңашылдық, шығармашылық, өзiндiк ойлау, сөйлеу мәдениетiмен көзге түсiп, көпшiлiктiң ыстық ықыласына бөленiп, жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпар атанған Е.Әлiмбеков бас жүлденi қанжығасына байлап, лицей ұжымын бiр қуантып тастаған-ды.
Облыста өзiнiң кәсiби шеберлiгiмен бағындыра бiлген Ермахан аға қараша айының 3-4 жұлдызы күнi Атырау қаласында Республикалық “Үздiк дәнекерлеу-шi-2011” байқауына жол тартқан болатын. Байқау ҚР-ның Бiлiм және Ғылым министрлiгiнiң жоспары негiзiнде өттi.
Осы байқауда ОҚО-ның намысын қорғап, әр облыстан келген шебер дәнекерлеушiлермен додаға түсiп, бағын сынаған Ермахан аға бас жүлденi жеңiп алды.
– Байқаудың жұмысын министрлiктiң 1 бөлiм бастығы мен 4 шетелдiк компаниялардан келген халықаралық эксперттер саралап отырды. Байқау қатал тәртiппен, қатаң қадағалауда, үлкен тартыспен екi күнге жалғасты. Байқаудың нәтижесi 4- қараша күнi түнгi сағат 22-00-де хабарланды. Бас жүлдеге берiлетiн құны 150 мың теңгелiк теледидардың паспортын Бiлiм және ғылым министрi Б.Жұмағұлов табыс еттi. Байқауға лицейiмiзден бiр топ жiгiттердi басшылығына алып, лицей директоры З.Талбидин мырза барып қайтты.
ОҚО-ның үкiлеген үмiтiн ақтап, үлкен сенiммен тапсырылған мәртебелi мiндетiн жауапкершiлiкпен орындау, бiз үшiн де, аудан, облыс үшiн де үлкен абырой екенi сөзсiз.
Клара САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ (ӨСКЕН-ӨҢІР ақпарат)
 

Әкімнің блогы

Баннер

Баннерлер

Баннер
Баннер
Баннер

Жүйеге кіру



Күнтізбе

2012
Ақпан
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829