Қуанышқа, табысқа толы жасампаздық жылы PDF Басып шығару E-mail

Өткен жылға өкпе жоқ. Елбасымыздың Жарлығымен “Жасампаздық пен бейбiтшiлiктiң 20 жылдығы” жылы деп жарияланған қоян жылы қазақ халқы үшiн құтты жыл болды деп нық сенiммен айта аламыз. Бейбiтшiлiктi басты бағдар етiп ұстанған мемлекетiмiздiң экономикасының қарыштап дамығанын шетелдiк сарапшылар айтып отыр. Әрине, бiздiң мемлекетiмiз мұндай табыстарға сындарлы саясат пен әрбiр iстiң жүйелi жоспарлануы нәтижесiнде қол жеткiзiп отыр. Ел табысының еселеп артуына Қызылқұм мен Сырды мекен етiп отырған шардаралықтар да зор үлес қосты. Елбасы мен Үкiметiмiз бекiткен бағдарламалар аясында аудан көлемiнде бiршама тыңғылықты жұмыстар атқарылғандығынан көзi қарақты оқырмандарымыз құлағдар. Жаңадан кәсiпорындар iске қосылып, қосымша жұмыс орындары ашылды. Жастар орталығы мен жұмыспен қамту орталығы өздерiне жүктелген мiндеттердi абыроймен атқаруда. Денсаулық сақтау саласында да жақсы жұмыстар жүргiзiлдi.

Заманауи үлгiдегi медициналық қондырғылар алынып, туберкулезге қарсы диспансер күрделi жөндеуден өттi. Бiлiм беру саласында да көңiл қуантарлық жаңалықтар жеткiлiктi. Жаңадан бiр мектеп бой көтерiп, бiрнеше балабақша пайдалануға берiлдi. Былтырғы оқу жылының қорытындысы бойынша шәкiрттерiмiз 40 алтын медальға ие болып, облыстық рейтингте бесiншi орынды иемдендi. Шардаралық шаруалар мақта және бақша өнiмдерiн өндiруден облыс чемпиондары атанды. Айта берсек, қоян жылында осындай көңiл қуантарлық жетiстiктерiмiз жетерлiк. Ендiгi жерде осы табыстарға тоқмейлiсiп қалмай бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында жұмыс жасауымыз керек-ақ.
Жаңа жыл мерекесi тойланар тұста “Алты Алаш” алаңында болып өткен мерекелiк кеш барысында аудан әкiмi Марғұлан Марайым өзiнiң құттықтау сөзiнде жоғарыдағыдай жетiстiктерге толықтай шолу жасап өттi. Сонымен бiрге Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы жылында ауданымыздың экономикалық, мәдени-әлеуметтiк тұрғыда дамуына үлес қосқан азаматтарды “Жыл үздiгi–2011” атағымен марапаттады. Аталған марапатқа бiлiм саласы бойынша “Жылдың ең үздiк салауатты өмiр салтын насихаттаушы мектеп директоры” номинациясымен №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директоры С.Қалмырзаева, “Жылдың үздiк кәсiптiк мектебi” атағы бойынша №16 кәсiптiк лицей, “Жылдың ең үздiк мұғалiмi” номинациясымен Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектеп мұғалiмi Қ.Сабирова марапатталды. Денсаулық сақтау саласында МСЭҚБ бастығының мiндетiн атқарушы Э.Сырманова “Жылдың үздiк санитарлық дәрiгерi”, балалар кеңесiнiң аймақтық педиатр дәрiгерi Қ.Асқарова “Жылдың үздiк дәрiгерi” атанды. Спорт саласы бойынша №1 АБЖСМ “Ең үздiк спорт мекемесi”, Ш.Райханов “Ең үздiк спортшы”, Б.Ереханов “Ең үздiк жаттықтырушы” номинацияларын иелендi. Мәдениет саласында аудандық мәдениет үйiнiң жетекшi әдiскерi Ұ.Қойлиева “Ең үздiк мәдениет қайраткерi”, белгiлi ақын Т.Қанаев “Ең үздiк ақын”, әрiптесiмiз С.Лаханов “Ең үздiк журналис”, “Шартарап-Шарайна” газетiнiң редакторы Н.Қары “Ең үздiк БАҚ қызметiн ұйымдастырушы” атанды. Әлеуметтiк салада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы Қ.Iлесов кәсiпкерлiк салада “Әл-сағы” шаруа қожалығының төрағасы С.Әуелбеков, құрылыс саласында аудандық құрылыс бөлiмiнiң бас маманы Н.Мырзахметов, “Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы” саябағындағы монумент авторы Н.Медетбековтер үздiк деп танылды. Ауыл әкiмдерi арасынан Ұзын ата ауылының әкiмi Н.Сапаров “Ең үздiк әкiм”, аудандық экономика және қаржы бөлiмi бастығының орынбасары Б.Жетпiсбаев “Ең үздiк қаржыгер”, аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерi М.Ахметова “Ең үздiк банк қызметкерi”, аудандық байланыс торабының қызметкерi Б.Исламов “Ең үздiк байланыс қызметкерi”, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлiгi бөлiмiнiң бас маманы Ә.Оспанов “Ең үздiк мемлекеттiк қызметкер”, аудандық салық басқармасының қызметкерi А.Құдайбергенов “Ең үздiк салық қызметкерi”, аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiм бастығының орынбасары С.Ештаев “Ең үздiк қорғаныс саласының қызметкерi” атанды.
Сонымен бiрге жиын барысында Қоссейiт жалпы орта мектебiнiң мұғалiмi Б.Рахышева Мемлекет басшысының Құрмет Грамотасымен марапатталды. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi аясында “Парыз-2011” республикалық конкурсына қатысқаны үшiн “Стом-поликлиника” ЖШС директоры Т.Әлменов, “Рахман ТБ” ЖШС директоры Ұ.Тастанова, жеке кәсiпкер Д.Үзденбаев, “Сақ-құрылыс” ЖШС директоры А.Исаевтарға арнайы дипломдар табыс етiлдi. “Қаныбек” фермерлiк қожалығының төрайымы К.Құлшаева ОҚО әкiмiнiң Құрмет Грамотасына ие болды. Сондай-ақ, С.Сматуллаев, З.Мамаева, Т.Ақмырзаев, Ж.Төлешова, Ш.Нұрымбетовалар ОҚО тарихи-өлкетану мұражайының “Алғыс хаттарымен” марапатталды.
Мерекелiк шара барысында аудан көркемөнерпаздары жиылған жұртшылыққа әсем ән мен тәттi күйден шашу шашты.
Алдағы Ұлу жылы бәрiмiз үшiн берекелi де мерекелi жыл болсын!

 

“Өскен өңiр – ақпарат”

 

Әкімнің блогы

Баннер

Баннерлер

Баннер
Баннер
Баннер

Жүйеге кіру



Күнтізбе

2012
Ақпан
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829