|
Бірінші ұйымдастыру сессиясы |
|
|
|
|
Сайлаудан кейiн округ бойынша депутат болып сайланған азаматтар аптаның дүйсенбiсiнде бесiншi шақырылған Шардара аудандық мәслихатының бiрiншi ұйымдастыру сессиясын өткiздi. Сессия мәжiлiсiне аудан әкiмi М.Марайым, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Жарияқұл және таяуда ғана сайланған депутаттар қатысты. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ш.Жарияқұл халық сенiмiне ие болған депутаттарға арнайы төсбелгi мен куәлiктер табыс еттi. Депутаттардың ұсынысы бойынша бiрiншi сессияның төрағасы болып З.Биболов бекiтiлдi. Сессияның күн тәртiбiнде: 1. Бесiншi шақырылған Шардара аудандық мәслихатына депутаттар сайлаудың қорытындылары жөнiндегi аумақтық сайлау комиссиясының хабары; 2. Бесiншi шақырылған аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясының төрағасын сайлау туралы; 3. Шардара аудандық мәслихаты-ның хатшысын сайлау туралы; 4. Бесiншi шақырылған аудандық мәслихаттың құрылымын белгiлеу туралы; 5. Бесiншi шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамы және олардың төрағаларын сайлау туралы;
6. Саяси партиялардың депутаттық фракциясын тiркеу туралы; 7. Бесiншi шақырылған аудандық мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасын сайлау туралы мәселелер қаралды. Жиын үстiнде депутаттардың бiрауыздан қолдауымен №7 сайлау округiнiң депутаты, бұған дейiн де мәслихат хатшысы қызметiн абыроймен атқара бiлген Т.Бердiбеков бесiншi шақы-рылған аудандық мәслихаттың хатшысы болып сайланды. Кезектi сессиясының төрағалығына №11 сайлау округiнен депутат болған Т.Қанаев сайланды. Өзге де мәселелер бойынша тиiстi шешiмдер қабылданды. Жиын соңында аудан әкiмi М.Марайым аудандық мәслихат депутаттарын құттықтап, жылы лебiздерiн бiлдiрдi.
Өскен өңір - ақпарат |