|
Өлеңнiң де естiсi бар, есерi бар ... (Абай) Абайдың бiр сөзiн осылай өзгертiп алуыма себеп болған жағдай, қалың жұртты қарадай қаралап, топырақ шашып жүрген «атышулы» Жұмабек Мұқановтың бiр өлеңi едi. Иә, өлеңнiң де естiсi мен есерi бар екен.
Бәрiн басынан бастайын. Ж. Мұқановты бәрiмiз жақсы бiлемiз, «Ар тазалығын, шындықты» ту етiп ұстап жүрген сыйлы азаматымыз деушi едiк. Сөйтсек... Ол «бетперде» киген басқа адам болып шықты. Оны бiзге жерлесiмiз Қазыбек Иса «әйгiлеп» бердi. Перденiң аржағынан ұсқыны шошытарлық басқа адам шыға келгенде, жағамызды ұстадық. Осы екiншi, нағыз Жұмабек туралы халқымыздың бiртуар ақындарының бiрi Темiрхан Медетбек, композитор, жорналшы Ж. Қалдыбай кесiмдi пiкiрлерiн айтты. Ар тазалығын «Ұрандатып» жүрген Жұмабегiмiздi «азаматтық ары» үшiн күресер деп күткенiмiз де рас. Ол жақ ашпады. Яғни, бәрi шындық болғаны ғой...
Керiсiнше, өзiн төбесiне көтерiп келген аудан азаматтарына «азуын ақситып» қарсы ұмтылды. Бiр соттан бiр сот жалғасып келедi. Жеңiлген сайын жанталасады. Шардаралықтар шынында сабырлы халықпыз. «Төбесiне» секiрген «тасырға» да тәубесiне келет деп төзiмдiлiк танытамыз. Мен де бұл «құлаққағысты» әлi де болса түсiнер деген ниетпен жазып отырмын. Сонымен тiлге тиек болып отырған өлең туралы. Ол Жұмабектiң «Сексеуiлдiң шоғы» дейтiн жинағына шыққан «Ей, бекер күн, бекер күн» дейтiн өлеңi. Өзiм де өлеңдi «бойға қонған-құт, қанға сiңген-қасиет» – деп, ақындықты абырой тұтқан адам едiм. Жақсы жыр-жан азығы, iздеп жүрiп оқитыным сондықтан. Ал мына өлең... Бұл жоғарыда өзiм айтқандай қалың жұртты қаралап, көпке топырақ шашу үшiн жазылған сияқты. Өлең техникасынан шамалы хабарым болса, бұл ол жағынан да «сәттi» туынды емес. Қараңыз. Ол Махамбеттiң «Мұнар,мұнар,мұнар күн» деп басталатын бiр шумағын эпиграф етiп алыпты. Батыр Махамбет, ақын Махамбет «Мұнар күн» дегенде өзi өмiр сүрген тұтас кезеңдi, керек десеңiз дәуiрдi айтып отыр, оған «Буыршын мұзға тайған күн, бура атанға шөккен күн» деп сипаттама берiп алады. Бәрi түсiнiктi. Ал Мұқановше, ол Ей, бекер күн, бекер күн Көкiрегiмнен от өрдiң, – деп бастап алады да, Досыңа күлкi етермiн, Басыңа теуiп кетермiн, – деп түйедi шумақты. Ал ендi түсiнiп көрiңiз. Бекер күнiмiз кiм сонда... Одан әрi қарай оқиық, Ақ шашыңды шаң қылам, Шақша басыңды даң қылам. Есiрткi жұтқан есектей, Есiңнен әлi тандырам. Тағы да ойланасың. Махамбетше мiнез танытқысы келген ақынымыз кiмге «кiжiнiп» тұр. Сөйтсек ол бүгiнгi күнге «қапа» екен. Бекер күн,менi қорлама Оңтайлай берме орға да, – деуi бiздiң өзгелермен терезесi тең,тәуелсiз ел болдық деп, «тәубе» деп жүрген бүгiнгi күнiмiз, «ақынды» қорлаған «Бекер күн» болып шықты. Әйтпесе ол Келермiн әлi, келермiн, Аманатын алып мен елдiң. Ақымағы көп Ақ Орда Арқырап келiп енермiн, – деп қалай айтыпты, оны өзiнiң арына салдық. Бiздiң түсiнiгiмiзде елдiң аманатын арқалап баратын Ақ Ордамыз – Астанада ғана. Қиналған жерде қисынын тауып жалтарып кетуге шебер Жұмабек, «Жоқ мен аудан көлемiнде айтып отырмын», деген уәж айтуы мүмкiн. Ал бiз Ақ Орда деп Елбасының отырған жұмыс орынын бiлемiз.Халық солай түсiнедi.Жұмабек Ақ Ордаға текке арқырап кiргелi отырған жоқ екен. Өйткенi оны өзi тұрып жатқан Шардара өңiрi қатты «түңiлдiрген» екен. Мекеиенi көп Шардара Мегежiндерге де мекен бе, – дейдi ақынымыз. Мекиен деп қораз емес, жұмыртқалайтын тауықты айтса, мегежiн дегенiмiз, шошқаның ұрғашысы. Жұртты қаралаудың, көпке топырақ шашудың бұдан артық қандай «сорақы» түрi болуы мүмкiн.Жұмабекше айтсақ Шардараның азаматтары «мекиен» мен «мегежiн» болғаны ғой. Өлеңдi «қарадүрсiн» дүние екен деп қоя салуға болар едi. Бiрақ мына келтiрiлген жолдар, көзi ашық, көкiрегi ояу әрбiр шардаралықты бей-жай қалдырмас деп ойлаймын.Естерiңiзде болар, 1994 жылы осы Жұмабек бiр мақаласында бiздiң шардаралықтарды «байталдар мен сайқалдарға» теңеп, ол мәселе сотта қаралған болатын. Шынында кең халықпыз ғой. Жұмабек «жаздым», «жаңылдым» деп кешiрiм сұраған соң редакторлықтан босатумен шектелген едiк. Арада 1,5-2 жыл өткенде, «ондай қателiктi ендi қайталамаймын, жұмыс берiңiздер» деген мүләйiм мiнезiне сенiп, редакторлыққа қайта бекiттiкау.Ендi мынаусы несi... Бұл жолы үнсiз қалуға тiптi болмас. Сiздер не дейсiздер, жерлестер.Бұл пiкiрiм көкiрегiнде намысы бар, мекиен де, мегежiн де болғысы келмейтiн әрбiр Шардаралыққа ой салар деп ойлаймын.
Құрманбек ШӘМЕТОВ |