|
Құрметті сайтқа келушілер!

Сіздер Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының ресми сайтына қош келдіңіздер! Біз жаңа технологияларды енгізу, жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы әлеуметтік және ғылыми бағдарлама саласындағы инвесторлармен жұмыс істеуге дайынбыз. Менің ойымша, Шардара ауданының веб-сайты негізгі мәселелерді шешуге зор мүмкіндік туғызады. Бұл аймақ жөнінде еліміздегі және шетелдік азаматтарға мәлімет алуға мүмкіндік береді. Пайдаланушы сайт беттерінен аудан тарихымен танысады, ауданның қоғамдық-саяси, мәдени, әлеуметтік тыныс-тіршілігі туралы ақпарат алады, ал сурет галереясынан тарихи ескерткіштер мен көзтартарлық әсем жерлерді көре алады.
Сіздерді қызықтыратын ауданның бүгінгі күнгі ақпараттары, әлеуметтік - экономикалық жағдайы, алдағы инвестициялық дамуы жөнінде ақпаратты осы жерден табатындарыңызға сенімдімін.
Аудан әкімі: М.Марайм |
|
|
|
|