|
2011 жылғы 28 қаңтарда Шардара ауданы әкімдігінің №42 «Ауданда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2009 жылғы 22 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы туралы» қаулысымен «Шардара ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік іс-шаралар жоспары» бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілді. 2011 жылдың 18 шілдесінде аудан әкімдігінің №368 қаулысымен «Шардара ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептердің бірі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы талаптарын орындау назарға алынған. 2011 жылдың 9 айында аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 410 арыз-өтініштер түсті, оның 352-і жеке тұлғалардан, 58 заңды тұлғалардан. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері 241-ге азайған. (2010 жылы 651 болған). Өтініштердің 249 қанағаттандырылған, 61-і бас тартылған, 81-не заңға сәйкес тиісті жауаптар берілген, 19 орындалу үстінде.
Аудан әкімі аппаратының жеке қабылдау жұмыстары бекітілген кестеге сай іске асырылуда. Аудан әкімі әр аптаның дүйсенбі күндері сағат 15-00 мен 18-00 аралығында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдау жүргізіледі. 2011 жылы аудан әкімінің жеке қабылдауында 73 аудан тұрғындары болып, олардың 27-не қабылдау барысында түсіндірілген, 47-не жазбаша түрде жауап берілген. Аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат жетекшісі 38 жеке қабылдау өткізіп, барлығы мерзімінде қанағаттандырылған.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты, сонымен қатар құқық бұзушылық әрекеттерін уақтылы хабарлау үшін, аудан әкімі аппаратында екі сенім телефоны (2-18-14, 2-16-69) қызмет атқарады, аталған телефон нөмірлері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Тұрғындардан аппарат қызметкерлерінің құқық бұзушылық жөніндегі шалынған телефон қоңырауларын тіркеу үшін жорнал ашылған.
Есептік мерзімде сыбайлас жемқорлыққа байланысты мемлекеттік қызметшілер тарапынан құқық бұзушылық туралы шағымдар тіркелмеген.
Көпшілік назарына әкімшілік ғимаратының 2-ші қабатында «Мемлекеттік қызметшінің Ар-намыс кодексі» мемлекеттік және орыс тілдерінде және аудан басшыларының тұрғындарды қабылдау күндерінің кестесі, сонымен қатар аудан әкімі аппаратының, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Тәртіптік кеңесінің сенім телефондары жазылған стенд орналасқан.
Барлық аудан мекемелерінде сенім телефондарының жұмыстары тиісті деңгейде атқарылуда. Аталған телефондар арқылы тұрғындар өздерінің тиісті мекемелерге қатысты шағымдарын, ұсыныстарын т.б тілектерін хабарлауына мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» жарлығын түсіндіру мақсатында әрдайым жиындар өткізіліп отырады. Жиналыстар мен мәжілістерде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы, оның алдын-алу мәселелері бойынша үнемі түсіндіру және алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.
Аудандағы мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын табыстары жөніндегі мәлімдемелерін салық органдарына дер кезінде тапсырылған.
2011 жылғы 12 -29 шілде айы аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан бойынша басқармасы тарапынан ауданда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының орындалу барысына тексеру жүргізген. Тексерудің қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарда елеулі кемшіліктер анықталмаған.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының Шардара ауданы Әкімінің аппаратында, ауылдық округ аппараттарында және оның дербес бөлімдерінде 2011 жылдың 7 айлық қорытындысымен Қазақстан Республикасының 12.01.2007 жылғы «Жек және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылдың 30 мамырындағы №20 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» №1-ОЛ нысанды статистикалық есепті құру бойынша Нұсқаулығы талаптарының орындалу жағдайына жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталмады.
Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын, қол жетімділігін және ашық бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулардың мәтіні, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттар топтамасы аудан әкімдігінен ашылған веб-сайтында орналастырылған.
Жер учаскесін беру немесе жер учаскесін беруден бас тарту туралы қаулылар (шешімдер) жобасы аудандық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның өкілі, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия қорытындысы негізінде дайындалуда. Аудандық жер қатынастары бөлімінде жеке тұрғын үй құрылысына жер сұраған азаматтардың тізімі тәртіпке сай дайындалып, арнайы тақтаға орналастырылған және мәліметтері компьютерлік базаға енгізілген.
Жеке тұлғалардың арасынан арзан бағамен үлкен жер учаскелерін алып, оны майда бөлшектерге бөліп және мақсатын өзгертіп нарықтық бағамен сатуға жол берілмеген. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерден тұрғын үй немесе кәсіпкерлік нысандар салуға жер учаскелері бөлінбеген.
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігімен «Медиа-жоспар» бекітіліп, орындалуы бақылауға алынған. Ағымдағы жылы бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің «Сыбайластықпен күресте пәрменді шаралар қажет», «Жемқорлықпен күрес – баршамыздың міндетіміз», «Мәжілісте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі қаралды», «Қоғамның жегі құрты жемқорлық», «Дамуымызға кері әсерін тигізеді» т.б. мақалалар жарияланған.
Аудан әкімдігінің «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында меморандум түзілген. «Нұр Отан» ХДП-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері Шардара ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісіне тұрақты қатысуда.
Бюджет қаржысының мақсатты және тиімді жұмсалуы бойынша және мемлекеттік сатып алуда заң бұзушылықтарға жол бермеу басты назарда ұсталуда. Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын, қол жетімділігін және ашық бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулардың мәтіні, сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттар топтамасы аудан әкімдігінен ашылған веб-сайтында орналастырылған.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдарымен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға 2011 жылдың республикалық бюджетінен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесіне сәйкес аудан әкімінің 2011 жылғы 28 наурызындағы №08 шешімімен ведомствоаралық комиссия құрылып, комиссия құрамына барлық ауылдық округтерің әкімдері мен жер мамандары, іріленген шаруа қожалық төрағалары және су пайдаланушы селолық тұтыну кооперативтер төрағалары ендірілді.
«Нұр Отан» партиясы мен экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бастамасымен өткізіліп жатқан «Болашаққа жемқорлықсыз» атты ақпараттық – насихаттық акциясының бір тармағы – «Өзінен баста» акциясына сәйкес аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының жетекшісі, дербес бөлім басшылары мен қала ауылдық округ әкімдері өзінің табыстары мен мүліктері жөніндегі мәліметтерін аудандық бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған. |