Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2010 жыл 12 айында атқарған PDF Басып шығару E-mail

Аудандық ішкі саясат бөлімі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни конфессиялар арасында өз ара сыйластықты, ұлтаралық қатынастарды нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы қоғамның демократиялануының әрі қарай нығаюына ықпал ету, жастар саясатын іске асыру, аудандағы экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт бағдарларын, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын, «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз етеді. Бөлімнің штаттық саны 4 мемлекеттік қызметкер, барлығы біліктілік талаптарына сай жоғары білімді және 1 есепші, 1 нұсқаушы. Бөлімде ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Үкімет қаулыларын, ҚР Конституциясын, Саяси партиялар мен қоғамдық және діни бірлестіктер,  жастар, бұқаралық ақпарат құралдары туралы және т.б Заңдарын, облыс, аудан әкімдерінің ішкі саясат мәселелері бойынша қабылданған шешімдері мен өкімдерін басшылыққа ала отырып бөлімінің 2010 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2010 жыл 12 айында біршама нақты істер атқарды. Бөлімде аудан әкімінің жанынан құрылған 3 кеңестің жұмысын жүргізеді. Олар аудан әкімінің «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес», «Үкіметтік емес ұйымдармен өз ара іс-қимыл жөніндегі кеңес», «Жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес». Бұл кеңестердің жылдық жұмыс жоспарлары бекітіліп, тоқсан сайын мәжіліс отырстары өткізілді.

Ақпараттық-насихаттық топтар туралы. Ауданда жергілікті мемлекеттік мекеме қызметкерлері, саяси партия өкілдері мен ауыл ақсақалдарынан тұратын 24 ақпараттық-насихаттық топтар, жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-жаңа мүмкіндіктер» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан тұрғындарына түсіндіру және насихаттау мақсатында аудан әкімінің 2010 жылғы 6 ақпан №1-40ө Өкімімен 3 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, аудандық топ 17 елді мекендерде тұрғындарымен кездесу өткізіп, 2273 тұрғындар қамтылды. Облыстық АНТ ауылдық округтерінде тұрғындармен 8 рет кездесу өткізіп, оған 1605 тұрғындар, республикалық топ 2 рет кездесуі ұйымдастырылып, кездесуге 322 тұрғындар қатысты. ҚР Парламентінің  депутаттары Т.Қосмамбетовпен Қ.Айтаханов аудан халқымен кездесу өткізді. Ауданда Елбасының Жолдауын талқылауға барлығы 7580 адам қамтылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-жаңа мүмкіндіктер» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында келген республикалық, облыстық АНТ-ға арналған альбом жасалынды. Облыстық ішкі саясат басқармасы дайындаған Елбасының биылғы Жолдауы туралы және Жолдаудын негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша әдістемелік құралдарын, бөлім тарапынан Жолдауды түсіндіру бойынша дайындалған әдістемелік құралдар қала, ауыл әкімдеріне таратылды. Бөлімде әр тоқсан сайын қала, ауыл округтерінен арнайы үлгі бойынша  ақпараттық-насихаттық топтардың, атқарған жұмыстарының есебі жинақталып отырады. Аудан бойынша жыл басынан ақпараттық-насихаттық топтар 228 рет тұрғындармен кездесу өткізіп, онда 16065 адам қамтылды.

 

 

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы. 2010 жылға Шардара ауданында ҚР мемлекеттік рәміздерін орналастыру және пайдалану тәртібін қадағалауды жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылып, 2010 жыл 17 наурызда жұмысшы топтың мәжілісі өтті. Мәжілісте жұмысшы топ мүшелеріне ҚР Мемлекеттік рәміздерін заң талаптарына сай орналастыру мен пайдалану тәртібі түсіндірілді. Аудан көлемінде мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу жөнінде іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Барлық мектептерде оқушылар арасында «Тәуелсіз елдің қыраны» тақырыбында патриоттық бағытта тәрбие сағаттары, «Елімнің рәміздері» тақырыбында сурет байқаулары өткізілді. Аудандық кітапханаларда арнайы ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы бұрыштар, 3 маусым күні 16 Кәсіптік лицейде  «Рәміздерім мақтанышым» ашық сабақ өткізілді. ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздерінің ролі» тақырыбында аудандық үздік мақалалар конкурсы өткізіліп, жеңімпаздар арнайы силықтармен марапатталып, жеңімпаздың мақаласы жергілікті БАҚ-да жарық көрді. 2010 жылдың 4 маусым күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай семинар тренинг өткізілді. Ең үздік қатысқан қызметкерлерге сый-сияпаттар жасалды. «Мемлекеттік рәміздер – саяси тәуелсіздік пен елдігіміздің белгісі» тақырыбында 2010 жыл 4 маусымдағы «Шардара тынысы» газетінің №25, «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышымыз» тақырыбында «Шартарап Шарайна» газетінің №26 санында бөлім бастығының мақаласы жарық көрді. Шардара қаласының орталығындағы Қазбек би және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы «Шежіре» саябағында Тәуелсіз еліміздің көк туы 30 метрлік биіктікке орнатылды. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен бөлім тарапынан дайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсіндіру бойынша әдістемелік құралдар қала, ауыл әкімдеріне таратылды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің насихатталуы мен қолданылуына мониторинг жүргізу жаднамасының дерекқордағы үлгісі электрондық пошта арқылы қала, ауыл әкімдеріне жіберілді. Мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 7 сәірдегі №56 Қонституциялық Заңының орындалуын қадағалау мақсатында бөлім маусым, тамыз айларында жұмыс жүргізді. Жүргізген жұмыстың қортындысы бойынша анықталған кемшіліктер, 2010 жылдың 26 тамызында мәлімет түрінде  мекеме басшыларына  №177 хатпен жолданды. Облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан Шардара ауданында ҚР мемлекеттік рәміздерінің насихатталуы, қолданылуына және ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкестігі туралы  жүргізген мониторинг қортындысы бойынша анықталған кешіліктер, бүгінгі күні толығымен қалпына келтірілді.

Ауданда бұқаралық-ақпарат құралдарымен жұмыс туралы. Ауданда «Шардара тынысы» ЖШС қоғамдық-саяси газеті және тәуелсіз танымдық-ақпараттық «Шартарап-Шарайна» газеті жұмыс істейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттық қамтамасыз етуге, Алатау батырдың 450 жылдығы, Т.Тәжібаевтың 100 жылдығы және ҰОС Жеңістің 65 жылдығына орай, облыстық телеарнаның Шардара ауданы туралы 2010 жылдың төрт тоқсанында қөрсетілетін түсірілімдердің  ақпараттық қамтамасыз етуге арналған және Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай Шардара ауданында «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» тақырыбындағы мақалалар жариялау мақсатындағы және Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірген мүше елдердің Астана қаласында 1-2 желтоқсанда өтетін Саммитінің дайындалу және өткізілу барысына ақпараттық қолдау қөрсету бойынша, ҚР Тәуелсіздігінің 19 жылдық мерекесіне арналған жергілікті БАҚ-да ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында 8 медиа жоспарлары бекітіліп, мақалалары жарияланды. Республикалық,облыстық БАҚ-да жарияланатын материалдар тізбесі әр тоқсан сайын  дайындалып, мақалалары жарияланды. Мемлекеттік тапсырыс аясында әр айда «Шардара тынысы» газетінде жарық көрген мақалаларға мониторинг жүргізіліп отырады. Жергілікті «Шардара тынысы» мен «Шартарап шарайна» газеттерінде төменде көрсетілген бағыттар бойынша тоқсан сайын сараптама жасалынады.

- 2010жылғы Елбасының халыққа арнаған Жолдауы
-Үкімет қызметі
-Парламент қызметі
-Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау
-Діни экстремизм мен терроризм мен күрес
-Сыбайлас жемқорлық фактілері мен олармен күрес шаралары
-Есірткі бизнесі фактілерімен  олармен күрес фактілері
-Адам құқының бұзылу фактілері мен оның қорғалуы
-Мемлекеттік қызметшіге байланысты жағымсыз материалдар

Саяси партиялар  мен  қоғамдық-саяси бірлестіктердің  қызметі  туралы.

Бүгінгі  таңда  ауданда  жұмыс атқарып жатқан  3 саяси партия бар. Олар, «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Ауыл» партиясының  аудандық өкілдіктері. Бұлардың ішінен тек «Нұр Отан» Халық Демократиялық партиясының өкілдігі облыстық әділет департаментінде тіркелген. Бұл партиялар  арасында тек «Нұр Отан»  ХДП–сы ауданның саяси  өміріне  белсене  араласуда. Жыл басынан аудандық филиалдың ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында 2009 жылдың қорытындыларын талқылау бойынша және «Науырыз-жыл басы» атты тықырыптарда дөңгелек үстел мәжілістері, аудандық оқушылар үйінде  «Қысқы көріністер»  атты сурет салу байқауы, «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 11 жыл толуына арналған қабылдау, қаладағы № 16 лицейде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде ашық есік күні өткізілді. Сондай-ақ, 8-науырыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік қабылдау, аудандық «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. 2010 жылдың 12 мамыр күні  аудан әкімдігінде «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалының сыбайлас жемқорлық пен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы, тамыздың 25 күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдау мақсатында ашық қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Қабылдау барысында азамтаттардың барлық талап-тілектері мұқият қаралып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, ауданда 8 үкіметтік  емес  ұйымдар  қызмет етеді. Оның ішінде 6 үкіметтік емес ұйым әлеуметтік мәселелер бойынша айналысады. Олар, «Шардара аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы жергілікті  соғыс және  Ауған соғысы  ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің Шардара қаласындағы филиалы, «Шипа» Дәрігерлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі, «Жас толқын» жастар қоғамдық бірлестігі, «Сырдария» шаруа қожалығы» және «Қазақстан Республикасының ардагерлер қоғамының» аудандық филиалы. Бұл бірлестіктердің барлығы әділет департаментінде тіркеліп, өз бағыттары бойынша жұмыс жүргізуде. Кеңес әскерінің ауғанстан жерінен шығуына 21 жыл толуына орай  №16 лицейде «Ешкімде соғыс үшін жаралмаған» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Жиын соңында ауған соғысы ардагерлеріне мерекелік  дастархан жайылып, сый-сияпаттар  көрсетілді.  Демеушілер есебінен ауған  соғысында  ерлікпен қаза тапқан және  соғыс зардабынан қайтыс  болған 6 жауынгердің отбасына 50 мың тенге көлемінде көмек көрсетті. Сонымен қатар, ауған соғысының 21 жылдығына орай  ауған соғысының 54 ардагеріне жергілікті бюджеттен 5000 теңгеден жалпы 270 мың теңге көлемінде сыйақы және сияпаттар  көрсетілді.  Демеушілер есебінен ауған  соғысында  ерлікпен қаза тапқан және  соғыс зардабынан қайтыс  болған 6 жауынгердің отбасына 50 мың тенге көлемінде көмек көрсетті. Сонымен қатар, ауған соғысының 21 жылдығына орай  ауған соғысының 54 ардагеріне жергілікті бюджеттен 5000 теңгеден жалпы 270 мың теңге көлемінде сыйақы және қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі берілді.      2010 жылдың 12 наурыз ҚР Президентінің биылғы Жолдауын талқылау және 31 мамыр күндері Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу күніне орай аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Саяси құрбандарға тағзым – тарихқа тағзым» атты тақырыбында саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, мекеме басшылары, жастар ұйымдарының жетекшілері  мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел мәжілістері өткізілді.

Демеушілер есебінен 18 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 180000 ақшалай материалдық көмек беріліп, 3 ардагерлерге коммуналдық үйдің кілті тапсырылды. 64 мың 400 теңгеге 23 соғыс және тыл ардагерлерінің баспасөзге жазылуы ұйымдастырылды. Шардара  СЭС АҚ-мы әлеуметтік көмек ретінде 16 ҰОС ардагеріне, ауған соғысы 8 жауынгеріне 150 квт.жарықты тегін беруде. Аудандық жұмыспен қамту тарапынан ардагерлерге тегін емдеу-сауықтыру орталықтарына 3 ауған соғысы мен 1 ҰОС, 21 тыл ардагерлерінің Ардагерлер үйі, Сары-Ағаш, Мейір шипажайларына жолдамалар  берілді. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына аудан әкімі М.Мараимның қолдауымен 26 мамыр күні 32 соғыс және еңбек ардагері, аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан 15 үздік оқушының Астана қаласына «Тәуелсіздік жолымен» атты тарихи-танымдық саяхатқа  барып  қайтуы ұйымдастырылды. Аудандық мүгедектер қоғамы тарапынан–жыл басынан бері 11 мүгедекке  кресло-коляска,  балдақтар,  4 мүгедекке санаторияларға жолдамалар берілді. Демеушілер  есебінен 450 000 теңге көлемінде мүгедектер қоғамына қолдау көрсетіліп, 9 мүгедекке 46 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.  Жуырда «Мүгедекті мүсіркеме көмек бер!»   деп аталатын аудандық мүгедектер қоғамының іс-тәжірибесі жайлы аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Өңалбек Әшірбайұлының кітабы шығарылды. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін толық көрсету мақсатында аудандық «Шардара тынысы» газетінде  ауғун соғысы ардагерлері кеңесі  мен төрағасының қызметі жайлы «Ауғандық ардагерлерге қызмет көрсету», аудандық мүгедектер қоғамының қолдаумен  Қоссейіт ауылында құрылған «Шапағат» халыққа қызмет көрсету орталығының  жұмысы туралы, «Шапағатқа» шпағатты жандар көмек беруде», аудандық мүгедектер қоғамының  төрағасы Ө.Әшірбайұлының мүгедектерге деген қамқорлығы жайында «Біздің ағай осындай!», «Шардарадағы сексендегі ақсақал» атты тақырыптарда мақалалар жарияланды. Ауданда өзге ұлт өкілдері арасында бірқалыпты қарым-қатынас қалыптасқан. Түрлі ұлт өкілдерінің арасында келіспеушіліктер мен түсініспеушілік жоқ. Ұлтаралық бірлік пен келісімді  нығайту жөнінде  ауданда бір қатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда,  аудандық ішкі саясат пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен біргелікте өзге ұлт өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар және жастар мен БАҚ-ның қатысуымен аудандық орталықтырылған кітапханада «Қазақстан - достық мекені» атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі  мен өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Ұлттар бірлігі – ел татулығы» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Сонымен қатар, Қазақстан халқының бірлігін, халықтар достығын, Қазақстанда мекендейтін халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру мақсатында «Гүлден, менің елім  Қазақстан», «Қазақстан – біздің ата-мекеніміз», «Қазақстан -  ортақ үйіміз» атты тақырыптарда барлық ауылдық округтер кітапханаларында қызықты хабарламалар мен  танымдық бағдарлама сағаттары өткізілді.

1 - Мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай аудан әкімі ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген түрлі ұлт өкілдерін қабылдап, мерекелік сый-сияпаттар жасалды. Осы күні Шардара қаласы «Тұңғыш Президент саябағында» аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы қойылып, мәдени-көпшілік серуен өткізілді. Мереке барысында түрлі ұлт өкілдерінің  тағамдары  мен әдет-ғұрыпын насихаттау мақсатында  байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталып, марапатталды. «Сақ-құрылыс» ЖШС тарапынан ҚР Конституция күніне орай жалғызілікті 70 қартқа 70 мың теңгеге азық-түлік себеттері таратылды. 1- қазан Халықралық Қарттар күні мерекесі қарсаңында жергілікті бюджеттен 210 мың теңге көлемінде 70 қарияға ақшалай  көмек берілді. Сонымен қатар, ақшалай көмек  Шымкент қаласындағы қарттар үйіндегі  10 қарияға 20 мың теңге демеушілер есебінен берілді. Шардара Облыстық мәслихатының депутаты Қ.Ержанның атынан жалғызілікті 50 қарияға «У Фонтана» кафесінде қайырымдылық ас берілді, соңынан аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы қойылды. Қала әкімі тарапынан ең ұзақ жас жасаған 2, сондай-ақ төсек тартып жатқан 4 қарияға 35 мың теңгеге азық-түлік себеттерімен, сый-сияпаттар жасалды. 2010 жыл 22 қараша күні маслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, қала, ауыл билері, мекеме басшылары мен мектеп директорлары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектептегі педагог-психологтары, жастар ұйымының жетекшілері, дін, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Елімзідің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында» тақырыбында қоғамдық форум өткізілді. 23 қараша күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесінің VІ конференциясы болып өтті. Осы күні түстен кейін «Мұхтар» дәмханасында 70 адам қатысқан «Ынтымақ-ырыс қазығы» тақырыбында аудан ақсақалдары мен өзге ұлт өкілдерінің отырысы болды.

Көрнекі-үгіт құралдары туралы. Бүгінгі таңда ауданда 235 көрнекі үгіт құралдары орналасқан. Оның  ішінде билбордттар 67, панно щиттер 31, басқа қолданушылар 137. Шардара қаласында  10 билборд, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 6 билборд Қазақстан ауылдық округінде 1, Ақшеңгелді ауылдық округінде 1, Қзылқұм ауылдық округінде 1 билборд,Сүткент ауылдық округінде 1 билборд жаңадан ауыстырылды.

Аудандағы діни ахуал жағдайы туралы. Бүгінгі таңда Шардара ауданы көлемінде 13 діни бірлестік жұмыс істеуде. Олардың 11 исламдық бағыттағы мешіттер және бір-бірден Евангелдік Христиан-Баптистер Шіркеуі мен Православиялық Христиандар шіркеуінің аудандық филиалдары.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап қала, ауыл мектептерінде және мекемелерде арнайы бекітілген кестеге сәйкес «Иманды ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 2010 жылдың 6 сәуірінде ішкі саясат бөлімінің бас маманы І.Алтынбек, аудандық орталық мешітінің бас имамы А.Данияров, ІІБ қызметкері С.Мырзахметов және БАҚ өкілдері мен біргелікте М.Горький жалпы орта  мектебінде «Адам көркі-жақсы мінез құлық» тақырыбында кездесу өткізілді.

2010 жылы ақпан айының 25 жұлдызында Абай мәдениет үйінде хазіреті Мұхаммед (с.а.у) нің туылған айы «Мәуліт аш – шариф» іс-шарасына Шымкент қаласы, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарынан зиялы қауымдарының қатысуымен өткізілді.

Үстіміздегі жылғы сәуір айының 25 жұлдызында дәстүрге айналып жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Қатыра» күнінде қала, ауылдық округтердегі мазарат (қорым) басында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қайырымдылық ас берілді.

13 қыркүйек күні №16 кәсіптік лицейде «Діни экстремизмнің алдын-алу мақсаты», «Террористік акті туралы жалған ақпар беру» атты тақырыптарға   лекция оқылды. Кездесуге ІІБ қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

21 қыркүйек күні Ұзыната және Қазақстан ауыл округтерінде діни ахуал туралы облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстық өкіл имамның орынбасары Е.Орын, көршілес Арыс аудананың бірнеше имамадары қатысты.

2010 жылдың 1 қараша күні Ұзын ата ауылдық округінде дін, БАҚ өкілдерінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында семинар өткізілді.

Жерге құқық беру туралы мемлекеттік актісі алынбаған 2 мешіттің (Қазақстан ауылдық округтегі жаңадан салынған «Сары Амангелді» мешіті,  Көксу ауылдық округіндегі «Әбіш ата» мешіті) мешіттердің мемлекеттік актісі алынды.

2010 жылдың 24 қараша күні №1 М.Әуезов орта мектебінде ислам дінінің Әбу Ханифа имам Ағзам мазхабының басқа мазхабтардан айырмашылықтары туралы кездесу өткізілді.

2010 жылдың 2 желтоқсан күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Діннің қоғамдағы ролі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жергілікті БАҚ-на діни тақырыптарда «Шартарап шарайна» газетіне – 27, «Шардара тынысы» газетіне – 28 мақалалар жариаланған.

Жастар саясаты бойынша. Бүгінгі күнге ауданда жастар саны 21145 адам тұрады, олар аудан халқының 30 пайызын құрайды. Олардың 8941-і қалада, 12204-і ауылдық округтерде тұрады. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде жыл басынан жұмысқа орналасуға өтініш білдірген 1185 жас маманның 553 тұрақты жұмысқа орналастырылып, 211 ақылы қоғамдық жұмысқа жолданып, 315 жас «Жол картасы» бағдарламасы бойынша мекемелерде тағлымдамадан өтуде.  Кәсіби қайта оқуға жіберілген жастар саны 104. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жастар саны 31. «Жол картасы» бойынша инвестициялық жоба бойынша жұмыстарға 184 жас жіберілді. Жұмыссыз жастар саны 32.

Жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші бойынша ауылшаруашылығында 4443, медицинада 455, білім саласында 1075, әскери және құқық қорғау органдарында 483, мемлекеттік қызметте 69, кәсіпкерлік саласында 480, өнеркәсіпте 494, құрылыста 580, әр түрлі салаларда 1639 жас жұмыс атқаруда.

2010 жылдың 20 қаңтар күні Шардара ауданында жастар саясатының жүзеге асыру мақсатында қала, ауылдық округтеріндегі жастар қоғамдық ұйымдарының жетекшілерінің семинар-кеңесі өткізілді.

Жастарды патриоттық рухта  тәрбиелеу, отанды сүюге, қорғауға  дайындау мақсатында Кеңес Одағы әскерлерінің шектеулі  контингентінің Ауған  жерінен шығарылуына  21 жыл толуына  орай «Ерлікке тағзым»  апталық өткізілді. Апталық  барысында ауданның  барлық  мектептерінде  «Ер есімін ел сақтар», «Естен  кетпес  есімдер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер, оқушылар  арасында «Ешкімде ұмытылмайды,  ештеңе де  ұмытылған  жоқ» әдеби  көркем оқудан  байқау, «Ерлік – елге  мұра, ұрпаққа  ұран» ашық  тәрбие  сабақтары, пікірсайыстар, спорттық  т.б. іс-шаралар  ұйымдастырылып  өткізілді.

2010 жыл 12 наурыз күні жастар ұйымдарының қатысуымен Елбасының биылғы Жолдауын талқылау жөнінен дөңгелек үстел өткізілді.

ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің І отырысының хаттамасына сәйкес, әлеуметтік сала мамандарын ауылдық елді мекендерге тарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасын насихаттау мақсатында Шардара қаласындағы Қазыбек би көшесінің бойынан 1 билборд орналастырылып, бөлім тарапынан «Шардара тынысы» газетінің 11.06.2010ж №26, «Шартарап Шарайна»  газетінің 25.06.2010ж №29 санында «Дипломмен ауылға» тақырыбында, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі тарапынан «Шартарап Шарайна» газетінде 09.07.2010ж №31 санында «Жас маманға мүмкіндік» тақырыбында мақалалар жарық көрді.

Ауданда осы бағдарламаның аясында Қоссейіт, Ақшеңгелді ауылдық округтерінен білім саласы бойынша 2 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдем ақы төленді. Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің 1 жас маманына көтерме жәрдемақы беру үшін аудан әкімдігінің қаулысы дайындалуда.  Қазақстан ауылдық округінен спорт саласы бойынша 1 жас маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді.

Жастардың ұлттық салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту, мәдениетті, парасатты тұлға тәрбиелеу, жастар арасында Шара, Шұғыла сынды жұлдыздарының өнерін жалғастырып жүрген жас өнерпаз өрендерді қолдау, «Жас отбасыларды қолдау», неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы және отбасы-неке қарым-қатынастары институтын насихаттау және Шардара ауданында жастар саясатының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың 29 қаңтарда «Биле биле биле сен», 19 ақпанда «Жігітке жеті өнер де аз», 3 наурыз күні «Қыз өссе елдің көркі» 19 наурыз күні «Қош келдің Әз Наурыз», 21 шілдеде «Қазақтың келіні-2010» тақырыптарында байқаулар өткізілді.

Аудан жастарының шығармашылық деңгейін көтеру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында 2010 жыл 12 сәуірде Шардара қаласындағы «Абай» алаңында «Туған елім – алтын бесігім» тақырыбында шығармашыл жастардың көрмесі мен суретшілер байқауы өткізілді.

15 сәуір – «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ғашықтар күніне орай Шардара қаласындағы «Тұран» дәмханасында тәрбиелік мәні бар жастардың бас қосу кеші болып өтті.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру белсенділігін арттыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, жастар назарын туған өлкенің экологиялық проблемасына аудару және Шардара ауданында жастар саясатының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың 16 сәуірде «Менің денсаулығым-менің экологиям» тақырыбында жастар арасында 2 күндік экологиялық слет өткізілді.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жастар арасында «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында әскер-патриоттық әндер байқауы, 6 мамырда «Абай» алаңында әскери әуенге би фестивалі өткізілді

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 31 мамырда Шымкент қаласында, Халықтар достығы үйінде өткізілген Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Бабалар ерлігі – мәңгі есімізде» тақырыбында өткен облыстық VI ұлттық жастар Дельфийлік ойындарына, ауданнан №3 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары халық биі бойынша Ақбердиева Айдана ІІ орынды, эстарадалық әндер бойынша Айтураева Дана ІІІ-орынды иеленді.

Туған жерді қадірлеу және жастарды еңбекке баулу мақсатында 2010 жыл 13 наурыз күні «Нұр Отан» ХДП-сы аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанатымен біргелікте Шардара қаласындағы «Тұңғыш Президент» саябағында, 17 наурызда Наурыз мерекесіне дайындық жүргізу мақсатында, 2 сәуірде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жаңадан ашылған «Жеңіс» саябағында, Б.Саттархановтың есімімен жаңдан ашылған саябақта, 16-19 шілде аралығында күні 30 тамыз-Конституция мерекесіне орай  және «Жақсы істер жалғасы» акциясының аясында Шардара су қоймасының жағалауында жастардың сенбіліктері өткізілді.

2010 жылға «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданда 17 жас студенттер ұйымдастырылып, қаладағы саябақтарда тазалау, талдалы күтіп-баптау жұмыстарымен айналысты.

2010 жылғы 20 шілде күні аудандық «Абай» мәдениет үйінде облыстық кітапхана қызметкерлерінің және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен біргелікте «Оқитын жастар-ұлт болашағы» атты семинар өткізілді. Семинарға Шардара қаласының 100-ге жуық жастардың қатысуы ұйымдастырылды. Сол күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына орай, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Тұғыры биік - Ата Заң»  атты дөңгелек үстел өткізілді.

«ОҚО Жастары ассоциациясының» ұйымдастыруымен өткізілген Бәйдібек ауданына «Қола дәуірге» ауданнан жастардың қазан айында саяхаты ұйымдастырылды.

Жастарды еңбекке баулу, патриоттық рухта тәрбиелеу, отансүйгіштікке және олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Татулыққа, бірлікке шақыру, жігерлі қыз-жігеттерді анықтау мақсатында 2010 жылдың 6 қазан күні Көксу ауылдық округінің мақта алқабында жас мақта терімшілер арасында жарыс өткізілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 19 жылдығына орай «Еркіндікке бастаған Тәуелсіздік» тақырыбында жас жазба ақындар конкурсы өткізілдіп, жеңімпаздардың шығармалары «Шардара тынысы» газетінде жарық көрді.

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу және нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, нашақорлықтың, діни экстремизмнің  алдын-алу мақстында бөлім қызметкерлері ішкі істер, медицина, құқық қорғау, дін өкілдерімен біргелікте 2010 жылдың 12 айында «Есірткі жас өмірді улайды», «Иманды ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыптарында қала, ауыл округтердегі мектептерде жоғары сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары және М.Горький мектебінде «Адам көркі-жақсы мінез құлық» тақырыбында кездесу өткізілді.

Аудандық ішкі істер, білім бөлімдері, медицина бірлестігімен біргелікте Шардара ауданы жастары мен жасөспірімдерінің арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу және 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын орындау мақсатында бөлімнің «Жасөспірім» рейдттік кестесіне сәйкес 2010 жыл қаңтар айының 11-16 аралығында Шардара қаласының сол жағалау аймағында, ақпанның 15-20 аралығында І-ІІ шағым аудандарында, наурыздың 15-20 аралығында қаланың Түгелбаев, Қазыбек би, Төле би даңғылдарында, сәуірдің 19-24 аралығында төменгі тоғай мөлтек ауданында, мамырдың 10-15 аралығында Шардара қаласы, Абай қөшесі, «Абай» алаңында, маусымның 14-18 аралығында Шардара  қаласы, Майқала, Қызылжар мөлтек аудандарында, шілденің 19-24 аралығында қаласы, Сол жағалау Өтеғұл мөлтек  ауданында, тамыздың 16-21 аралығында Шардара қаласы, Мелде би мөлтек ауданы ІІ мөлтек ауданында, 16 қыркүйекте Шардара қаласы І мөлтек ауданының Қазыбек би, Әйтеке би көшелерінде, 19 қараша күні орталық базар аймағында, 1,2 желтоқсан күндері Шардара қаласындағы көшелерде аудандық ішкі істер, емхана, білім бөлімінің қызметкерлерімен біргелікте рейд жұмыстары жүргізіліп, жүргізілген рейд барысында ешқандай жастардың құқықбұзушылығы анықталмады. Кешкі сағат 20.00-00.30ге дейін көшеде беймезгіл жүрген жасөспірімдер анықталып, олармен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ барлық ауылдық округтерінде ауыл әкімі аппратының қызметкерлері, мектеп директорлары, учаскелік инспекторлармен біргелікте ауыл көшелерінде рейдттер өткізіліп тұрады.

2010 жылдың 10 мамыр күні №16 Кәсіптік лицейде құқық қорғау органдарының, дін, БАҚ өкілдерінің, ата-аналардың қатысуымен жасөспірімдердің тәрбиесі жөнінде дөңгелек үстел өткізілді.

2010 жылдың 12 мамыр күні Шардара қаласындағы «Абай» алаңында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу бойынша 2009-2011 жылдарға арналған аудандық бағдарламасына» сәйкес «Біз, нашақорлық пен есірткі саудасына қарсымыз!» тақырыбында бейбіт жиналыстары өткізілді. Бейбіт жиналыста жастар нашақорлыққа  және темекіге қарсы белгісі ретінде темекі блоктарын өртеу рәсімі өткізілді. Жиналысқа құқық қорғау, дін, медицина БАҚ өкілдері, өрт сөндіру және ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары қатысты.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмысты, нашақорлықты болдырмау, жастардың демалыс кезіндегі уақытын тиімді пайдалану мақсатында және «Жақсы істер жалғасы» акция аясында бөлімнің ұйымдастыруымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 15 жасөспірмнің «Тұңғыш президент» саябағында демалыс уақыты ұйымдастырылды. Жасөспірімдерді әңгімеге тартып, доп ойнатып, аттракциондардың қызметін тегін пайдаланып, аудандық мұражайда ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырылып, балмұздақтар таратылып, естелік сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып бокс, қазақ күресі, шахмат, стол теннисі, футбол, баскетбол, т.б спорт түрінен жарыстар өткізілді.

2010 жыл 11 қыркүйек күні Шардара қаласындағы орталық стадионда және барлық ауылдық округтерде «Денсаулық фестивалі» өткізілді.

Жастар мен жасөспірімдердің арасында қылмыстың болдырмау, оның ішінде нашақорлықтың, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында  «Шардара тынысы» газетінде 25, «Шартарап Шарайна» газетінде 24 мақала жарияланған.

Облыс әкімі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісінің 2010 жыл 18 қыркүйектегі хаттамалық шешімін орындау мақсатында «Ауданда ауданда жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алуға арналған кешенді іс-шаралар жоспары» және «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы» күрес айлығын өткізуге байланысты атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті мекемелерге, қала, ауыл әкімдеріне таратылып, орындалуы қадағаланды.

Ауданда өткізілген социологиялық  зерттеулер туралы. Бөлімде 2010 жылға  арналған социологиялық зерттеулер жүргізу жөнінде жұмыс жоспар бекітілген, бірақ қаржы көздері қаралмаған. Дегенмен бір неше зерттеулер жүргізілді.                                                                                1.Үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Тұрғындардың діншілдік деңгейі» атты тақырыпта  өзге діни ағымдарға  деген көз қарасы мен ауданда жастар саясатын жүзеге асыру барысындағы жұмыстар мен жастар арасындағы өзекті мәселелер бойынша  тұрғындардың ой-пікірлерін зерделеу бойынша  сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 415 респонденттер қатысты.        2.Сондай-ақ, Шардара ауданына қарасты Арнасай елді-мекені тұрғындарын  Шардара қаласы аумағына көшіруге және шекара мәселесіне байланысты  деген ойлары мен  қоғамдық-саяси жағдайға  ауылда орын алып жатқан өзекті мәселелерге қатысты 2010 жылдың маусым айында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға Арнасай елді-мекені тұрғындарынан арасынан 48 респондент қатысты.

3.Ағымдағы жылдың қыркүйек айында, салауатты өмір салты жайлы жастардың қаншалықты хабардар екендігі, олардың  спирттік ішімдік пен есірткіге деген көз қарастары жайлы, 110 респондеттің қатысуымен зерттеу жүргізілді.

4. Ауданның  қоғамдық-саяси өміріндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі туралы мекеме басшыларының арасында  сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға  40 респондент қамтылды.             5. 2010 жылдың қараша айында жастар арасында өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Жалпы аудан бойынша 6 әлеуметтік саулнамалар жүргізіліп өтті.

Бөлім бастығы                                                        Б.Әліпов

Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2010 жыл 10 айында атқарған

жұмыстары туралы мәлімет

Аудандық ішкі саясат бөлімі ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни конфессиялар арасында өз ара сыйластықты, ұлтаралық қатынастарды нығайту, азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы қоғамның демократиялануының әрі қарай нығаюына ықпал ету, жастар саясатын іске асыру, аудандағы экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт бағдарларын, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын, «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз етеді.

Бөлімнің штаттық саны 5 мемлекеттік қызметкер, барлығы біліктілік талаптарына сай жоғары білімді және 1 есепші, 1 нұсқаушы.

Бөлімде ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Үкімет қаулыларын, ҚР Конституциясын, Саяси партиялар мен қоғамдық және діни бірлестіктер,  жастар, бұқаралық ақпарат құралдары туралы және т.б Заңдарын, облыс, аудан әкімдерінің ішкі саясат мәселелері бойынша қабылданған шешімдері мен өкімдерін басшылыққа ала отырып бөлімінің 2010 жылға арналған І,ІІ,ІІІ тоқсандарына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2010 жылдың 10 айында  біршама нақты істер атқарды.

Бөлімде аудан әкімінің жанынан құрылған 3 кеңестің жұмысын жүргізеді. Олар аудан әкімінің «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес», «Үкіметтік емес ұйымдармен өз ара іс-қимыл жөніндегі кеңес», «Жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес». Бұл кеңестердің жылдық жұмыс жоспарлары бекітіліп, тоқсан сайын мәжіліс отырстары өткізілді.

Ақпараттық-насихаттық топтар туралы. Ауданда жергілікті мемлекеттік мекеме қызметкерлері, саяси партия өкілдері мен ауыл ақсақалдарынан тұратын 24 ақпараттық-насихаттық топтар, жұмыс жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-жаңа мүмкіндіктер» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын аудан тұрғындарына түсіндіру және насихаттау мақсатында аудан әкімінің 2010 жылғы 6 ақпан №1-40ө Өкімімен 3 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, аудандық топ 17 елді мекендерде тұрғындарымен кездесу өткізіп, 2273 тұрғындар қамтылды. Облыстық АНТ ауылдық округтерінде тұрғындармен 8 рет кездесу өткізіп, оған 1605 тұрғындар, республикалық топ 2 рет кездесуі ұйымдастырылып, кездесуге 322 тұрғындар қатысты. ҚР Парламентінің  депутаттары Т.Қосмамбетовпен Қ.Айтаханов аудан халқымен кездесу өткізді. Ауданда Елбасының Жолдауын талқылауға барлығы 7580 адам қамтылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-жаңа мүмкіндіктер» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында келген республикалық, облыстық АНТ-ға арналған альбом жасалынды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы дайындаған Елбасының биылғы Жолдауы туралы және Жолдаудын негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша әдістемелік құралдарын, бөлім тарапынан Жолдауды түсіндіру бойынша дайындалған әдістемелік құралдар қала, ауыл әкімдеріне таратылды.

Бөлімде әр тоқсан сайын қала,ауыл округтерінен арнайы үлгі бойынша  ақпараттық-насихаттық топтардың, атқарған жұмыстарының есебі жинақталып отырады.Аудан бойынша жыл басынан ақпараттық-насихаттық топтар 183 рет тұрғындармен кездесу өткізіп, онда 11250 адам қамтылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы. 2010 жылға Шардара ауданында ҚР мемлекеттік рәміздерін орналастыру және пайдалану тәртібін қадағалауды жүргізу мақсатында жұмысшы тобы құрылып, 2010 жыл 17 наурызда жұмысшы топтың мәжілісі өтті. Мәжілісте жұмысшы топ мүшелеріне ҚР Мемлекеттік рәміздерін заң талаптарына сай орналастыру мен пайдалану тәртібі түсіндірілді.

Аудан көлемінде мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу жөнінде іс-шара жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.

Барлық мектептерде оқушылар арасында «Тәуелсіз елдің қыраны» тақырыбында патриоттық бағытта тәрбие сағаттары, «Елімнің рәміздері» тақырыбында сурет байқаулары өткізілді. Аудандық кітапханаларда арнайы ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы бұрыштар, 3 маусым күні 16 Кәсіптік лицейде  «Рәміздерім мақтанышым» ашық сабақ өткізілді.

ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздерінің ролі» тақырыбында аудандық үздік мақалалар конкурсы өткізіліп, жеңімпаздар арнайы силықтармен марапатталып,жеңімпаздың мақаласы жергілікті БАҚ-да жарық көрді.

2010 жылдың 4 маусым күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай семинар тренинг өткізілді. Ең үздік қатысқан қызметкерлерге сый-сияпаттар жасалды.

«Мемлекеттік рәміздер – саяси тәуелсіздік пен елдігіміздің белгісі» тақырыбында 2010 жыл 4 масымдағы «Шардара тынысы» газетінің №25, «Мемлекеттік рәміздер - мақтанышымыз» тақырыбында «Шартарап Шарайна» газетінің №26 санында бөлім бастығының мақаласы жарық көрді.

Шардара қаласының орталығындағы Қазбек би және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы «Шежіре» саябағында Тәуелсіз еліміздің көк туы 30 метрлік биіктікке орнатылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен бөлім тарапынан дайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсіндіру бойынша әдістемелік құралдар қала, ауыл әкімдеріне таратылды.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің насихатталуы мен қолданылуына мониторинг жүргізу жаднамасының дерекқордағы үлгісі электрондық пошта арқылы қала, ауыл әкімдеріне жіберілді.

Мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 7 сәірдегі №56 Қонституциялық Заңының орындалуын қадағалау мақсатында бөлім маусым, тамыз айларында жұмыс жүргізді. Жүргізген жұмыстың қортындысы бойынша анықталған кемшіліктер, 2010 жылдың 26 тамызында мәлімет түрінде  мекеме басшыларына  №177 хатпен жолданды.

Ауданда бұқаралық-ақпарат құралдарымен жұмыс туралы. Ауданда «Шардара тынысы» ЖШС қоғамдық-саяси газеті және тәуелсіз танымдық-ақпараттық «Шартарап-Шарайна» газеті жұмыс істейді.

Жергілікті БАҚ-да ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылдың үш тоқсанында 8 арнайы медиа-жоспар бекітіліп, мақалалары жарияланды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына  арналған Жолдауын ақпараттық қамтамасыз етуге, Алатау батырдың 450 жылдығы, Т.Тәжібаевтың 100 жылдығы және ҰОС Жеңістің 65 жылдығына орай, облыстық телеарнаның Шардара ауданы туралы 2010 жылдың үш тоқсанында қөрсетілетін түсірілімдердің  ақпараттық қамтамасыз етуге арналған және Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай Шардара ауданында «Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл» тақырыбындағы мақалалар жариялау мақсатындағы және Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірген мүше елдердің Астана қаласында 1-2 желтоқсанда өтетін Саммитінің дайындалу және өткізілу барысына ақпараттық қолдау қөрсету бойынша  медиа жоспарлары.

Республикалық,облыстық БАҚ-да жарияланатын материалдар тізбесі әр тоқсан сайын  дайындалып, олардың жарық көруі ұдайы бақылауда тұрады.

Аудандық БАҚ-да жарық көретін материалдар тізбесі  әр тоқсанда дайындалып, аудан басшысымен бекітіліп, мекеме басшыларына жолданады.

Мемлекеттік тапсырыс аясында әр айда «Шардара тынысы» газетінде жарық көрген мақалаларға мониторинг жүргізіліп отырады.

Жергілікті «Шардара тынысы» мен «Шартарап шарайна» газеттерінде төменде көрсетілген бағыттар бойынша тоқсан сайын сараптама жасалынып отырады.

-2010жылғы Елбасының халыққа арнаған Жолдауы

-Үкімет қызметі

-Парламент қызметі

-Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау

-Діни экстремизм мен терроризм мен күрес

-Сыбайлас жемқорлық фактілері мен олармен күрес шаралары

-Есірткі бизнесі фактілерімен  олармен күрес фактілері

-Адам құқының бұзылу фактілері мен оның қорғалуы

-Мемлекеттік қызметшіге байланысты жағымсыз материалдар

Саяси партиялар  мен  қоғамдық-саяси бірлестіктердің  қызметі  туралы.

Бүгінгі  таңда  ауданда  жұмыс атқарып жатқан  3 саяси партия бар. Олар, «Нұр Отан», «Ақ жол»,және «Ауыл» партиясының  аудандық өкілдіктері. Бұлардың ішінен тек қана «Нұр Отан» Халық Демократиялық партиясының өкілдігі облыстық әділет департаментінде тіркелген. Бұл партиялар  арасында тек «Нұр Отан»  ХДП –сы ғана  ауданның саяси  өміріне  белсене  араласуда. Жыл басынан аудандық филиалдың ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында 2009 жылдың қорытындыларын талқылау бойынша және  «Науырыз-жыл басы» атты тықырыптарда дөңгелек үстел мәжілістері, аудандық оқушылар үйінде  «Қысқы көріністер»  атты сурет салу байқауы, «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 11 жыл толуына арналған қабылдау, қаладағы № 16 лицейде ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде ашық есік күні өткізілді. Сондай-ақ, 8-науырыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік қабылдау, аудандық «Ең үздік бастауыш партия ұйымы» байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.                                                                                 2010 жылдың 12 мамыр күні  аудан әкімдігінде «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалының сыбайлас жемқорлық пен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесі, ал, тамыздың 25 күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жергілікті тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдау мақсатында ашық қоғамдық қабылдаулар өткізілді.        Қабылдау барысында азамтаттардың барлық талап-тілектері мұқият қаралып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді.   Сонымен қатар, ауданда 8 үкіметтік  емес  ұйымдар  қызмет етеді. Оның ішінде 6 үкіметтік емес ұйым әлеуметтік мәселелер бойынша айналысады. Олар, «Шардара аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасы жергілікті  соғыс және  Ауған соғысы  ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің Шардара қаласындағы филиалы, «Шипа» Дәрігерлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі, «Жас толқын» жастар қоғамдық бірлестігі, «Сырдария» шаруа қожалығы» және «Қазақстан Республикасының ардагерлер қоғамының» аудандық филиалы. Бұл бірлестіктердің барлығы әділет департаментінде тіркеліп, өз бағыттары бойынша жұмыс жүргізуде. Ауданда үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында аудан әкімдігі жанынан «Үкіметтік емес ұйымдармен өз ара  іс-қимыл жөнінде» кеңес құрылған. Кеңес бекітілген іс-шара жоспарына байланысты жұмыс жүргізуде.

Кеңес әскерінің ауғанстан жерінен шығуына 21 жыл толуына орай  №16 лицейде «Ешкімде соғыс үшін жаралмаған» атты тақырыпта тәрбие сағаты өткізілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Шегебаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Бердібеков, ОҚО ауған соғысы ардагерлері мүгедектер қорының төрағасының орынбасары В.Слободяник мырзалар қатысты. Жиын соңында ауған соғысы ардагерлеріне мерекелік  дастархан жайылып, сый-сияпаттар  көрсетілді.  Демеушілер есебінен ауған  соғысында  ерлікпен қаза тапқан және  соғыс зардабынан қайтыс  болған 6 жауынгердің отбасына 50 мың тенге көлемінде көмек көрсетті. Сонымен қатар, ауған соғысының 21 жылдығына орай  ауған соғысының 54 ардагеріне жергілікті бюджеттен 5000 теңгеден жалпы 270 мың теңге көлемінде сыйақы және қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі берілді.    2010 жылдың 12 наурыз ҚР Президентінің биылғы Жолдауын талқылау және 31 мамыр күндері Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алу күніне орай аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Саяси құрбандарға тағзым – тарихқа тағзым» атты тақырыбында саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, мекеме басшылары, жастар ұйымдарының жетекшілері  мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел мәжілістері өткізілді.

Демеушілер есебінен 18 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 180000 ақшалай материалдық көмек беріліп, 3 ардагерлерге коммуналдық үйдің кілті тапсырылды. 64 мың 400 теңгеге 23 соғыс және тыл ардагерлерінің баспасөзге жазылуы ұйымдастырылды. Шардара  СЭС АҚ-мы әлеуметтік көмек ретінде 16 ҰОС ардагеріне, ауған соғысы 8 жауынгеріне 150 квт.жарықты тегін беруде

Аудандық жұмыспен қамту тарапынан ардагерлерге  тегін емдеу-сауықтыру орталықтарына 3 ауған соғысы мен 1 ҰОС, 21 тыл ардагерлерінің Ардагерлер үйі, Сары-Ағаш, Мейір шипажайларына жолдамалар  берілді.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына аудан әкімі М.Мараимның қолдауымен 26 мамыр күні 32 соғыс және еңбек ардагері, аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан 15 үздік оқушының Астана қаласына «Тәуелсіздік жолымен» атты тарихи-танымдық саяхатқа  барып  қайтуы ұйымдастырылды.

Аудандық мүгедектер қоғамы тарапынан–жыл басынан бері 11 мүгедекке  кресло-коляска,  балдақтар,  4 мүгедекке санаторияларға жолдамалар берілді.

Демеушілер  есебінен 450 000 теңге көлемінде мүгедектер қоғамына қолдау көрсетіліп, 9 мүгедекке 46 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді.  Жуырда «Мүгедекті мүсіркеме көмек бер!»   деп аталатын аудандық мүгедектер қоғамының іс-тәжірибесі жайлы аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Өңалбек Әшірбайұлының кітабы шығарылды.                          Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін толық көрсету мақсатында аудандық «Шардара тынысы» газетінде  ауғун соғысы ардагерлері кеңесі  мен төрағасының қызметі жайлы «Ауғандық ардагерлерге қызмет көрсету», аудандық мүгедектер қоғамының қолдаумен  Қоссейіт ауылында құрылған «Шапағат» халыққа қызмет көрсету орталығының  жұмысы туралы, «Шапағатқа» шпағатты жандар көмек беруде», аудандық мүгедектер қоғамының  төрағасы Ө.Әшірбайұлының мүгедектерге деген қамқорлығы жайында «Біздің ағай осындай!», «Шардарадағы сексендегі ақсақал» атты тақырыптарда мақалалар жарияланды.        Ауданда өзге ұлт өкілдері арасында бірқалыпты қарым-қатынас қалыптасқан. Түрлі ұлт өкілдерінің арасында келіспеушіліктер мен түсініспеушілік жоқ. Ұлтаралық бірлік пен келісімді  нығайту жөнінде  ауданда бір қатар іс-шаралар атқарылды. Атап айтқанда,   аудандық ішкі саясат пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерімен біргелікте өзге ұлт өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар және жастар мен БАҚ-ның қатысуымен аудандық орталықтырылған кітапханада  «Қазақстан - достық мекені»  атты тақырыпта дөңгелек үстел мәжілісі  мен өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Ұлттар бірлігі – ел татулығы» атты  әдеби сазды кеш өткізілді.            Сонымен қатар, Қазақстан халқының бірлігін, халықтар достығын, Қазақстанда мекендейтін халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру мақсатында «Гүлден, менің елім  Қазақстан», «Қазақстан – біздің ата-мекеніміз», «Қазақстан -  ортақ үйіміз»           атты тақырыптарда барлық ауылдық округтер кітапханаларында қызықты хабарламалар мен  танымдық бағдарлама сағаттары өткізілді.

1-Мамыр Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай аудан әкімі ауданымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген түрлі ұлт өкілдерін қабылдап, мерекелік сый-сияпаттар жасалды. Осы күні Шардара қаласы «Тұңғыш Президент саябағында» аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы қойылып, мәдени-көпшілік серуен өткізілді. Мереке барысында түрлі ұлт өкілдерінің  тағамдары  мен әдет-ғұрыпын насихаттау мақсатында  байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

«Сақ-құрылыс» ЖШС тарапынан ҚР Конституция күніне орай  жалғызілікті 70 қартқа 70 мың теңгеге азық-түлік себеттері таратылды.

1-қазан Халықралық Қарттар күні мерекесі қарсаңында жергілікті бюджеттен  210 мың теңге            көлемінде 70 қарияға ақшалай  көмек берілді. Сонымен қатар, ақшалай көмек  Шымкент қаласындағы қарттар үйіндегі  10 қарияға 20 мың теңге демеушілер есебінен берілді.       Шардара Облыстық мәслихатының депутаты Қ.Ержанның атынан жалғызілікті 50 қарияға «У Фонтана» кафесінде қайырымдылық ас берілді, соңынан аудандық мәдениет үйінің концерттік бағдарламасы қойылды. Қала әкімі тарапынан ең ұзақ жас жасаған 2, сондай-ақ төсек тартып жатқан   4 қарияға 35 мың теңгеге азық-түлік себеттерімен, сый-сияпаттар жасалды.                   Көрнекі-үгіт құралдары туралы. Бүгінгі таңда ауданда 238 көрнекі үгіт құралдары орналасқан. Оның  ішінде билбордттар 67, панно щиттер 31, басқа қолданушылар 137. Шардара қаласында  10 билборд, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 6 билборд Қазақстан ауылдық округінде 1, Ақшеңгелді ауылдық округінде 1, Қзылқұм ауылдық округінде 1 билборд,Сүткент ауылдық округінде 1 билборд жаңадан ауыстырылды.

Аудандағы діни ахуал жағдайы туралы. Бүгінгі таңда Шардара ауданы көлемінде 13 діни бірлестік жұмыс істеуде. Олардың 11 исламдық бағыттағы мешіттер және бір-бірден Евангелдік Христиан-Баптистер Шіркеуі мен Православиялық Христиандар шіркеуінің аудандық филиалдары.

Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап қала, ауыл мектептерінде және мекемелерде арнайы бекітілген кестеге сәйкес «Иманды ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. 2010 жылдың 6 сәуірінде ішкі саясат бөлімінің бас маманы І.Алтынбек, аудандық орталық мешітінің бас имамы А.Данияров, ІІБ қызметкері С.Мырзахметов және БАҚ өкілдері мен біргелікте М.Горький жалпы орта  мектебінде «Адам көркі-жақсы мінез құлық» тақырыбында кездесу өткізілді.

2010 жылы ақпан айының 25 жұлдызында Абай мәдениет үйінде хазіреті Мұхаммед (с.а.у) нің туылған айы «Мәуліт аш – шариф» іс-шарасына Шымкент қаласы, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарынан зиялы қауымдарының қатысуымен өткізілді.

Үстіміздегі жылғы сәуір айының 25 жұлдызында дәстүрге айналып жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан «Қатыра» күнінде қала, ауылдық округтердегі мазарат (қорым) басында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қайырымдылық ас берілді.

13 қыркүйек күні №16 кәсіптік лицейде «Діни экстремизмнің алдын-алу мақсаты», «Террористік акті туралы жалған ақпар беру» атты тақырыптарға   лекция оқылды. Кездесуге ІІБ қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

21 қыркүйек күні Ұзыната және Қазақстан ауыл округтерінде діни ахуал туралы облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстық өкіл имамның орынбасары Е.Орын, көршілес Арыс аудананың бірнеше имамадары қатысты.

2010 жылдың 1 қараша күні Ұзын ата ауылдық округінде дін, БАҚ өкілдерінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен діни экстремизмнің алдын алу мақсатында семинар өткізілді.

Жерге құқық беру туралы мемлекеттік актісі алынбаған 2 мешіттің (Қазақстан ауылдық округтегі жаңадан салынған «Сары Амангелді» мешіті,  Көксу ауылдық округіндегі «Әбіш ата» мешіті) мешіттердің мемлекеттік актісі алынды.

Шардара ауданындағы мектептерде діни киімдер (хиджаб) киген жасөспірімдер мен жастар жоқ.

Жергілікті БАҚ-на діни экстремизмнің алдын алу, діннің қоғамдағы орны т.б тақырыпта «Шартарап шарайна» газетіне – 23, «Шардара тынысы» газетіне – 25 мақалалар жариаланған.

Жастар саясаты бойынша. Бүгінгі күнге ауданда жастар саны 21145 адам тұрады, олар аудан халқының 30 пайызын құрайды. Олардың 8941-і қалада, 12204-і ауылдық округтерде тұрады. Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде жыл басынан жұмысқа орналасуға өтініш білдірген 1024 жас маманның 268 тұрақты жұмысқа орналастырылып, 160 ақылы қоғамдық жұмысқа жолданып, 200 жас «Жол картасы» бағдарламасы бойынша мекемелерде тағлымдамадан өтуде.  Кәсіби қайта оқуға жіберілген жастар саны 104. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жастар саны 31. «Жол картасы» бойынша инвестициялық жоба бойынша жұмыстарға 184 жас жіберілді.

Жастардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші бойынша ауылшаруашылығында 4443, медицинада 455, білім саласында 1075, әскери және құқық қорғау органдарында 483, мемлекеттік қызметте 69, кәсіпкерлік саласында 480, өнеркәсіпте 494, құрылыста 580, әр түрлі салаларда 1639 жас жұмыс атқаруда.

2010 жылдың 20 қаңтар күні Шардара ауданында жастар саясатының жүзеге асыру мақсатында қала, ауылдық округтеріндегі жастар қоғамдық ұйымдарының жетекшілерінің семинар-кеңесі өткізілді.

Жастарды патриоттық рухта  тәрбиелеу, отанды сүюге, қорғауға  дайындау мақсатында Кеңес Одағы әскерлерінің шектеулі  контингентінің Ауған  жерінен шығарылуына  21 жыл толуына  орай «Ерлікке тағзым»  апталық өткізілді. Апталық  барысында ауданның  барлық  мектептерінде  «Ер есімін ел сақтар», «Естен  кетпес  есімдер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесулер, оқушылар  арасында «Ешкімде ұмытылмайды,  ештеңе де  ұмытылған  жоқ» әдеби  көркем оқудан  байқау, «Ерлік – елге  мұра, ұрпаққа  ұран» ашық  тәрбие  сабақтары, пікірсайыстар, спорттық  т.б. іс-шаралар  ұйымдастырылып  өткізілді.

2010 жыл 12 наурыз күні жастар ұйымдарының қатысуымен Елбасының биылғы Жолдауын талқылау жөнінен дөңгелек үстел өткізілді.

ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің І отырысының хаттамасына сәйкес, әлеуметтік сала мамандарын ауылдық елді мекендерге тарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасын насихаттау мақсатында Шардара қаласындағы Қазыбек би көшесінің бойынан 1 билборд орналастырылып, бөлім тарапынан «Шардара тынысы» газетінің 11.06.2010ж №26, «Шартарап Шарайна»  газетінің 25.06.2010ж №29 санында «Дипломмен ауылға» тақырыбында, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі тарапынан «Шартарап Шарайна» газетінде 09.07.2010ж №31 санында «Жас маманға мүмкіндік» тақырыбында мақалалар жарық көрді.

Ауданда осы бағдарламаның аясында Қоссейіт, Ақшеңгелді ауылдық округтерінен білім саласы бойынша 2 жас маманға бір жолғы көтерме жәрдем ақы төленді. Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің 1 жас маманына көтерме жәрдемақы беру үшін аудан әкімдігінің қаулысы дайындалуда.  Қазақстан ауылдық округінен спорт саласы бойынша 1 жас маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді.

Жастардың ұлттық салт-дәстүр негізінде білімін кеңейту, мәдениетті, парасатты тұлға тәрбиелеу, жастар арасында Шара, Шұғыла сынды жұлдыздарының өнерін жалғастырып жүрген жас өнерпаз өрендерді қолдау, «Жас отбасыларды қолдау», неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы және отбасы-неке қарым-қатынастары институтын насихаттау және Шардара ауданында жастар саясатының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың 29 қаңтарда «Биле биле биле сен», 19 ақпанда «Жігітке жеті өнер де аз», 3 наурыз күні «Қыз өссе елдің көркі» 19 наурыз күні «Қош келдің Әз Наурыз», 21 шілдеде «Қазақтың келіні-2010» тақырыптарында байқаулар өткізілді. Аудан жастарының шығармашылық деңгейін көтеру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында 2010 жыл 12 сәуірде Шардара қаласындағы «Абай» алаңында «Туған елім – алтын бесігім» тақырыбында шығармашыл жастардың көрмесі мен суретшілер байқауы өткізілді. 15 сәуір – «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ғашықтар күніне орай Шардара қаласындағы «Тұран» дәмханасында тәрбиелік мәні бар жастардың бас қосу кеші болып өтті. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру белсенділігін арттыру, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, жастар назарын туған өлкенің экологиялық проблемасына аудару және Шардара ауданында жастар саясатының 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың 16 сәуірде «Менің денсаулығым-менің экологиям» тақырыбында жастар арасында 2 күндік экологиялық слет өткізілді. Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай жастар арасында «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында әскер-патриоттық әндер байқауы, 6 мамырда «Абай» алаңында әскери әуенге би фестивалі өткізілді. Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен 31 мамырда Шымкент қаласында, Халықтар достығы үйінде өткізілген Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай «Бабалар ерлігі – мәңгі есімізде» тақырыбында өткен облыстық VI ұлттық жастар Дельфийлік ойындарына, ауданнан №3 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары халық биі бойынша Ақбердиева Айдана ІІ орынды, эстарадалық әндер бойынша Айтураева Дана ІІІ-орынды иеленді. Туған жерді қадірлеу және жастарды еңбекке баулу мақсатында 2010 жыл 13 наурыз күні «Нұр Отан» ХДП-сы аудандық филиалының «Жас Отан» жастар қанатымен біргелікте Шардара қаласындағы «Тұңғыш Президент» саябағында, 17 наурызда Наурыз мерекесіне дайындық жүргізу мақсатында, 2 сәуірде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жаңадан ашылған «Жеңіс» саябағында, Б.Саттархановтың есімімен жаңдан ашылған саябақта  жастардың сенбіліктері өткізілді. 2010 жылғы 16-19 шілде аралығында күні 30 тамыз-Конституция мерекесіне орай және «Жақсы істер жалғасы» акциясының аясында Шардара су қоймасының жағалауында, Шардара қаласының орталық көшелерінде, саябақтарда сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбілікке 200 жас азаматтар қатысты. Сондай-ақ спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. 2010 жылға «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауданда 17 жас студенттер ұйымдастырылып, қаладағы саябақтарда тазалау, талдалы күтіп-баптау жұмыстарымен айналысты. 2010 жылғы 20 шілде күні аудандық «Абай» мәдениет үйінде облыстық кітапхана қызметкерлерінің және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен біргелікте «Оқитын жастар-ұлт болашағы» атты семинар өткізілді. Семинарға Шардара қаласының 100-ге жуық жастардың қатысуы ұйымдастырылды. Сол күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына орай, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Тұғыры биік - Ата Заң»  атты дөңгелек үстел өткізілді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісінің 2010 жылдың 18 қыркүйегіндегі хаттамалық шешімін орындау мақсатындағы іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті мекемелерге, қала, ауылдық округтерге тапсырылды. «ОҚО Жастары ассоциациясының» ұйымдастыруымен өткізілген Бәйдібек ауданына «Қола дәуірге» ауданнан жастардың қазан айында саяхаты ұйымдастырылды. Жастарды еңбекке баулу, патриоттық рухта тәрбиелеу, отансүйгіштікке және олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Татулыққа, бірлікке шақыру, жігерлі қыз-жігеттерді анықтау мақсатында 2010 жылдың 6 қазан күні Көксу ауылдық округінің мата алқабында жас мақта терімшілер арасында жарыс өткізілді.

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу және нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, нашақорлықтың, діни экстремизмнің  алдын-алу мақстында бөлім қызметкерлері ішкі істер, медицина, құқық қорғау, дін өкілдерімен біргелікте 2010 жылдың 10 айында «Есірткі жас өмірді улайды», «Иманды ұрпақ – ұлт болашағы» тақырыптарында қала, ауыл округтердегі мектептерде жоғары сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары және М.Горький мектебінде «Адам көркі-жақсы мінез құлық» тақырыбында кездесу өткізілді. Аудандық ішкі істер, білім бөлімдері, медицина бірлестігімен біргелікте Шардара ауданы жастары мен жасөспірімдерінің арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу және 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын орындау мақсатында бөлімнің «Жасөспірім» рейдттік кестесіне сәйкес 2010 жыл қаңтар айының 11-16 аралығында Шардара қаласының сол жағалау аймағында, ақпанның 15-20 аралығында І-ІІ шағым аудандарында, наурыздың 15-20 аралығында қаланың Түгелбаев, Қазыбек би, Төле би даңғылдарында, сәуірдің 19-24 аралығында төменгі тоғай мөлтек ауданында, мамырдың 10-15 аралығында Шардара қаласы, Абай қөшесі, «Абай» алаңында, маусымның 14-18 аралығында Шардара  қаласы, Майқала, Қызылжар мөлтек аудандарында, шілденің 19-24 аралығында қаласы, Сол жағалау Өтеғұл мөлтек  ауданында, тамыздың 16-21 аралығында Шардара қаласы, Мелде би мөлтек ауданы ІІ мөлтек ауданында, 16 қыркүйекте Шардара қаласы І мөлтек ауданының Қазыбек би, Әйтеке би көшелерінде аудандық ішкі істер, емхана, білім бөлімінің қызметкерлерімен біргелікте рейд жұмыстары жүргізіліп, жүргізілген рейд барысында ешқандай жастардың құқықбұзушылығы анықталмады. Кешкі сағат 20.00-00.30ге дейін көшеде беймезгіл жүрген жасөспірімдер анықталып, олармен және ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ барлық ауылдық округтерінде ауыл әкімі аппратының қызметкерлері, мектеп директорлары, учаскелік инспекторлармен біргелікте ауыл көшелерінде рейдттер өткізіліп тұрады. 2010 жылдың 10 мамыр күні №16 Кәсіптік лицейде құқық қорғау органдарының, дін, БАҚ өкілдерінің, ата-аналардың қатысуымен жасөспірімдердің тәрбиесі жөнінде дөңгелек үстел өткізілді. 2010 жылдың 12 мамыр күні Шардара қаласындағы «Абай» алаңында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргізу бойынша 2009-2011 жылдарға арналған аудандық бағдарламасына» сәйкес «Біз, нашақорлық пен есірткі саудасына қарсымыз!» тақырыбында бейбіт жиналыстары өткізілді. Бейбіт жиналыста жастар нашақорлыққа  және темекіге қарсы белгісі ретінде темекі блоктарын өртеу рәсімі өткізілді. Жиналысқа құқық қорғау, дін, медицина БАҚ өкілдері, өрт сөндіру және ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары қатысты. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмысты, нашақорлықты болдырмау, жастардың демалыс кезіндегі уақытын тиімді пайдалану мақсатында және «Жақсы істер жалғасы» акция аясында бөлімнің ұйымдастыруымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 15 жасөспірмнің «Тұңғыш президент» саябағында демалыс уақыты ұйымдастырылды. Жасөспірімдерді әңгімеге тартып, доп ойнатып, аттракциондардың қызметін тегін пайдаланып, аудандық мұражайда ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырылып, балмұздақтар таратылып, естелік сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімімен бірлесе отырып бокс, қазақ күресі, шахмат, стол теннисі, футбол, баскетбол, т.б спорт түрінен жарыстар өткізілді. 2010 жыл 11 қыркүйек күні Шардара қаласындағы орталық стадионда және барлық ауылдық округтерде «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Жастар мен жасөспірімдердің арасында қылмыстың болдырмау, оның ішінде нашақорлықтың, діни экстремизмнің алдын алу мақсатында  «Шардара тынысы» газетінде 24, «Шартарап Шарайна» газетінде 22 мақала жарияланған. Облыс әкімі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу жөніндегі кеңес мәжілісінің 2010 жыл 18 қыркүйектегі хаттамалық шешімін орындау мақсатында «Ауданда ауданда жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алуға арналған кешенді іс-шаралар жоспары» және «Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы» күрес айлығын өткізуге байланысты атқарылатын іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті мекемелерге, қала, ауыл әкімдеріне таратылды.

Ауданда өткізілген социологиялық  зерттеулер туралы. Бөлімде 2010 жылға  арналған социологиялық зерттеулер жүргізу жөнінде жұмыс жоспар бекітілген,бірақ қаржы көздері қаралмаған. Дегенмен бір неше  зерттеулер жүргізілді.                                                                                1.Үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Тұрғындардың діншілдік деңгейі» атты тақырыпта, тұрғындардың діншілдік деңгейі, өзге діни ағымдарға  деген көз қарасы мен ауданда жастар саясатын жүзеге асыру барысындағы жұмыстар мен жастар арасындағы өзекті мәселелер бойынша  тұрғындардың ой-пікірлерін зерделеу бойынша  сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 415 респонденттер қатысты.

2.Сондай-ақ, Шардара ауданына қарасты Арнасай елді-мекені тұрғындарын  Шардара қаласы аумағына көшіруге және шекара мәселесіне байланысты  деген ойлары мен  қоғамдық-саяси жағдайға  ауылда орын алып жатқан өзекті мәселелерге қатысты 2010 жылдың маусым айында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға Арнасай елді-мекені тұрғындарынан арасынан 48 респондент қатысты.

3.Ағымдағы жылдың қыркүйек айында, салауатты өмір салты жайлы жастардың қаншалықты хабардар екендігі, олардың  спирттік ішімдік пен есірткіге деген көз қарастары жайлы, 110 респондеттің қатысуымен зерттеу жүргізілді.

4. Ауданның  қоғамдық-саяси өміріндегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі туралы мекеме басшыларының арасында  сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға  40 респондент қамтылды.                 5. Жастар мәселесі бойынша 2 әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Жалпы аудан бойынша 5 социологиялық саулнамалар жүргізіліп өтті.

 

Әкімнің блогы

Баннер

Баннерлер

Баннер
Баннер
Баннер

Жүйеге кіру



Күнтізбе

2012
Мамыр
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031